Көкшетауда облыстың ұстаздар корпусына құрмет көрсетілді

Бүгiн Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен Мұғалiм күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi.

Ұстаздарды кәсiби мерекелерiмен құттықтап, Мәлiк Мырзалин: «Бұл бәрiмiзге жақын, шуақты мереке, өйткенi педагог кәсiп емес, мәртебе, өте ауыр және жауапты миссия. Барлығымыз өз ұстаздарымызды жан жылуы, қамқорлығы, махаббаты, даналық кеңестерi үшiн ризашылықпен еске аламыз» дедi.

Облыс әкiмi өз сөзiнде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды дамытудың ең басты басымдылығы ретiнде адам капиталының сапасын арттыруды белгiлеп отырғанын қадап айтты. Ақмола облысында Бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде бiлiм беру жүйесiн жаңғырту мен дамыту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Бiздiң облыста бiлiм беру саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келедi және бүгiнгi таңда 76 миллиард теңгеге жетiп отыр.

Қазiргi уақытта облыстың мектептерi мен бiлiм беру мекемелерiнде 22 мыңнан аса ұстаздар еңбек етедi, 100-ден аса мұғалiм «Құрметтi бiлiм қызметкерi» атағының иегерi, 86 мұғалiм Ыбырай Алтынсарин медалiмен, 158 — «Ағарту iсiнiң үздiгi» белгiсiмен наградталған. Облыста 13 мұғалiм «Үздiк педагог» республикалық байқауы грантының иегерi болып табылады.

Бiлiм беру жүйесiн дамытуға қосқан елеулi үлестерi үшiн облыс әкiмi мұғалiмдерге ведомстволық наградалар мен алғыс хаттарын тапсырды. Сонымен қатар, iс-шара аясында 20-дан аса ұстазға сауықтыру орындарына жолдамалар табыс етiлдi. Сондай-ақ, қазақ тiлдi емес орта бiлiм беру орындарындағы қазақ тiлi мұғалiмдерiнiң арасындағы бiрiншi облыстық байқаудың жеңiмпаздарына ақшалай сертифкаттар табысталды. Байқаудың гран-приi 600 мың теңге құрады. Сонымен қатар, облыстың 10 үздiк ұстаздары 100 мың теңгеден сертикаттар алды .

Iс-шара мерекелiк концерттiк бағдарламамен аяқталды.

  

Құрылған күні: 03.10.2018
Қаралым саны: 588
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng