Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің көрме-байқауы өткізілді

Көкшетауда қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердiң бiрiншi республикалық көрме-байқауы өткiзiлдi. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бiрлестiгi мен аңшылық шаруашылығы субьектiлерiнiң республикалық қауымдастығы, Ақмола облысының әкiмдiгi ұйымдастырып отыр.

Жетi қазынаның бiрi саналатын асыл тұқымды төбет төрт түлiк малды түз тағыларынан қорғаса, құмай тазыны қазақ халқы ежелден аңшылыққа пайдаланған. Бүгiнде көненiң көзiндей болған сол асыл тұқымдылар жойылмай, сақталып келе жатқан жайы бар.

Дүбiрлi додаға Республиканың түкпiр-түкпiрiнен 100-ден аса тазы, төбет, спаниель, батыс-сiбiр лайкасы, дратхаар, ягдтерьер сияқты иттер əкелiндi.

Жарыс талабы бойынша иттер бiрнеше сынақтан өткiзiлiп, ең үздiктерiнiң иелерi арнайы диплом, кубок жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейiк, Ақмола облысында 70 жуық адам асыл тұқымды ит асыраумен айналысады. 

Құрылған күні: 08.10.2017
Қаралым саны: 1687

Қаз Рус Eng