Көкшетауда облыс орталығы әкімінің есеп беру кездесуі өтті

Көкшетауда қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың есеп беру кездесуi өттi. Iс-шараға Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы Қалдыбек Бәйiмбетов қатысты.

Қала әкiмi өзiнiң баяндамасында Көкшетау қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiне, мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс нәтижелерiне, тұрғындардың басты мәселелерi мен 2019 жылдың жұмыс жоспарына тоқталды.

Ермек Маржықпаевтың ақпараты бойынша, экономиканың нақты секторы тұрақты дамуда. Өнеркәсiп, құрылыс, ауыл шаруашылық салаларында нақты көлем индексi артты. Негiзгi капиталға инвестициялар 38,8 млрд.теңге құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 10,6 млрд.теңгеге артық.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 6% артты.

Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында бiлiм беру, тұрғын үй құрылысы мен көлiк саласында жалпы 3,8 млрд.теңгеге 29 жоба iске асырылуда.

2018 жылы көпқабатты 31 тұрғын үй немесе 1500 пәтерсалынды, 2017 жылғы кезеңмен қарастырғанда 500 пәтерге көп. Ағымдағы жылы 19 тұрғын үйдiң құрылысы жалғасуда, 17 тұрғын үй немесе 600 пәтер пайдалануға берiледi.

Көкшетауда өткен жылы «7-20-25»мемлекеттiк ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 200-ден астам өтiнiш қолдау тапты. Республика бойынша облыс орталығы — 5-орында. Жастар жылы аясында облыстық «Ақмола жастары» бағдарламасы бойынша 424 пәтер немесе 6 тұрғын үй салынатын болады.

Елбасының үш ауысымда оқытуды жою бойынша берiлген тапсырмасын орындау барысында 3 мектепке қосымша ғимараттар салынады: 600 орындық№1 ОМ, 420 орындық №13 ОМ, 300 орындық №6 ОМ.

Сөйлеуiнде кемiстiгi бар балаларға арналған балабақшаның құрылысына ЖСҚ бар, Сарыарқа мөлтек ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысн салу жобасы дайындалуда.

Өткен жылы Абай, Тәшенов, Әуезов, Пушкин көшелерiнiң ортасындағы аулаларда және Юбилейный шағын ауданында күрделi жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы 66 аулада күрделi жөндеу жұмыстарыжүргiзiлiп, 28 ойын және 15 спорттық алаңдар салынды.

Былтыр алғаш рет үш қалалық магистралдардың құрылысы басталды. Сонымен қатар, Набережная көшесiнде және Чайкино кентiнде көпiр салынып, көшенi жарықтандыру, скверлердi орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Мәлiк Ғабдуллин көшесiндегi Қылшақты өзенi арқылы өтетiн көпiрдiң құрылысы жалғастырылады.

Әуезов-Горький көшелерi-Қопа көлiучаскесiндегi 128,9 гааумақты егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының соңғы нұсқасы бекiтiлдi. Бұл — қала үшiн аса маңызды жоба.

Сәуiр айында айналып өтетiн жол құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк сараптамадан шығады, бұл көлдi қаладан бөледi, көшелерден ағатын барлық су тазарту құрылыстары арқылы өтетiн болады.

Әуелбеков көшесiндегi қаланы тамашалауға арналған орынның, Станционный кентiнде мәдениет үйiнiң ЖСҚ дайындалуда, Көктем мөлтек ауданында «Рухани жаңғыру» сарайының құрылысын салу мәселелерi қарастырылуда.

Қала әкiмi өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап жылу тарифi 36% төмендегенiн атап өттi. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап су 6,6%, кәрiз 11%, электрэнергиясы6% төмендедi.

«Смарт сити» тұжырымдамасы аясында қоғамдық көлiктерде электрондық билет жүйесiн енгiзу жоспарлануда. ТҮКШ, ЖК және АЖ саласын цифрландырудың пилоттық жобасын жүзеге асыратын қала кварталы белгiлендi. Қазiргi таңда барлық ПИК е-ПИК жүйесiне қосылған, 800 тұрғын үйдiң кiреберiстерiне бақылау камералары орнатылды. Балалардың қауiпсiздiгi мен ақшасыз есеп айырысуға көшу үшiн 2019 жылы қаланың 5 мектебiнде «Smart мектеп» жобасын iске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев жергiлiктi атқарушы органдардың бiлiм, мәдениет және спорт салаларындағы жұмыс нәтижелерi жөнiнде ақпарат бердi.

Жоғарыда аталған мәселелердiң iшiнен қала тұрғындарын көбiнесе тұрғын үй құрылысы, жер учаскелерiн алу, абаттандыру, баға белгiлеу, автобус маршруттары мәселелерi мазалайды.

Есептiк кездесуде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин маңызды әлеуметтiк мәселелерге, соның iшiнде жаңа мектептердiң құрылысына, әлеуметтiк бағыттағы бизнес жоспарларына қолдау көрсету, ауыз судың сапасына, қала халқының тұрмысын жақсарту, өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемiн арттыру, жылу берудi тоқтаусыз жүргiзу, ЖЭЦ пен әлеуметтiк-мәдени орындарды қолжетiмдi ету мәселелерiне тоқталды. Сонымен қатар, өңiр басшысы ЖЭЦ пен газдандыру, жасыл белдеу жобаларының маңыздылығын ерекше атап өттi.

Облыс әкiмi Көкшетау қаласының құрметтi азаматы Шәмшия Ғабдуқызы Айтжанованы құрметтеп 90 жылдығымен құттықтауы жиналған қауым үшiн күтпеген қуаныш болды.

     

Құрылған күні: 02.02.2019
Қаралым саны: 1394
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус