Көкшетауда алғашқы ІТ мектеп-лицей пайдалануға берілді

Бiлiм күнi Көкшетауда 900 орынға арналған жаңа IТ мектеп-лицей ашылды. Бұл облыс орталығында соңғы 27 жыл iшiнде салынған бiрiншi орта мектеп. Салтанатты iс-шараға Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин қатысты.

«Ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев өзiнiң «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында «Әрбiр қазақстандыққа, сондай-ақ тұтастай алғанда ұлтқа ХХI ғасырға лайықты: компьютерлiк сауаттылық, шетел тiлдерiн меңгеру, мәдени ашықтық сияқты қасиеттердiң жиынтығына ие болуы қажет» — деп атап өткен болатын. Бүгiн бiз IТ-лицейiн ашқалы тұрмыз, бұл болашақ интеллектiсiнiң өзiндiк фабрикасы, онда бағдарлау, 3D дизайн, жобалық қызмет машықтануларына ие боласыздар», — деп оқушыларға айтқан сөзiнде атап өттi облыс әкiмi.

Мәлiк Мырзалин өз сөзiнде цифрландыру бойынша нысаналы жұмыс iстеудiң бiлiм беру саласының басым бағыты екендiгiне ерекше назар аударды. Ол үшiн облыста 119 робототехника кабинетi, 2 технопарк жұмыс iстейдi. «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша жаңа оқу жылында 28 IT-сынып жұмыс iстейтiн болады. Мектеп кiтапханаларын мультимедиялы жабдықпен қамтамасыз ету жұмысы жүргiзiлуде.

Жаңа мектеп жаңа үлгiдегi кабинеттермен жабдықталған, мектеп оқушыларының бiлiм алуы мен физикалық тұрғыдан дамуы үшiн барлық тиiстi қолайлы жағдайлар жасалған. Екi қабатты ғимарат, спорт және акт залдары, кiтапхана, баскетбол-волейбол алаңы, асхана мен т.б. заманауи талаптарға жауап бередi.

Сонымен қатар, бүгiн Мәлiк Мырзалин №18 орта мектепте болды, онда 420 орынға қосымша оқу корпусы пайдалануға берiлдi, ол «Автогородок» шағын ауданында жүктеменi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Үш ауысымды оқыту мәселесiн шешу үшiн, өңiрде 2019 жылы жоспарланған пайдалануға беру мерзiмдерiмен тағы үш мектептiң құрылысы жүргiзiлуде.

Облыс бойынша бiлiм күнi Сандықтау, Целиноград және Бiржан сал аудандарында үш жаңа мектеп ашылды.

Күрделi жөндеулерден кейiн бiрқатар бiлiм объектiлерi пайдалануға берiлдi. Биыл осы мақсаттарға 1,2 млрд.теңге бөлiндi. Атап айтқанда, Ерейментау ауданында №2 мектеп-лицей мен мектеп жанындағы интернат жаңартылды. Сондай-ақ, Қорғалжын ауданында Арықты а. мектеп-интернат және Зерендi а. М.Ғабдуллин атындағы ОМ оқу корпусының ғимараты реконструкцияланды. Бұланды ауданында апатты мектепке қатысты көп жылғы түйткiл мәселе шешiлдi. Алтынды орта мектебiн реконструкциялауға облыстық бюджеттен 200 млн.теңге бөлiндi.

Құрылған күні: 01.09.2018
Қаралым саны: 315

Қаз Рус Eng