2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Бүгiн облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин Индонезияда өткен XVIII Азия ойындарында жеңiмпаз және жүлдегер атанған ақмолалық спортшылармен кездесу өткiздi. Iс-шараға спорттық қоғамдастықтың өкiлдерi қатысты.

Мәлiк Мырзалин Дмитрий Алексанинге семсерлесуден «алтын» және «кола», триатлоншы Аян Бейсембаевқа күмiс наградалары үшiн алғысын бiлдiрдi. «XVIII Азия ойындарында осындай жоғары орындар алып, сiздер бiздiң облысымыздың намысын лайықты қорғадыңыздар. Бапкерлер мен жанкүйерлердiң сенiмiн ақтап, Қазақстанның жоғары спорттық мәртебесiн дәлелдедiңiздер», — дедi облыс әкiмi, спортшылар мен олардың бапкерлерiне жаңа жетiстiктер мен жеңiстер тiлеп.

Спортшылар мен олардың бапкерлерiне естелiк сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар тапсырылды. Жеке есепте Азия чемпионы және командалық бiрiншiлiкте қола жүлдегер атанған Д.Алексанинге 2 млн.теңгенiң, күмiс жүлдегер А.Бейсембаевқа на 1 млн. теңгенiң, семсерлесу бойынша жоғары деңгейдегi жоғары дәрежелi жаттықтырушы Андрей Чурбаков пен триатлоннан ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушы Юрий Соловьевке 750 мың теңгенiң сертификаттары тапсырылды.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасында 6 спорт түрi — баскетбол, бокс, велоспорт, триатлон, семсерлесу және белдiктi күрес бойынша ақмолалық 9 спортшы ел намысын қорғады.

 

Құрылған күні: 07.09.2018
Қаралым саны: 524
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng