Қазақстанда көп балалы отбасыларға пәтер беру басталды

ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда көп балалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды.

Биыл 30 сәуiрде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламентi тұрғын үй қатынастары мәселелерi жөнiндегi заңды қабылдады.

Биыл мамыр айында жалпы елiмiзде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Елiмiздiң түрлi өңiрiнен 249 көп балалы отбасы 1 мамыр күнi — Қазақстан халқының бiрлiгi күнi көптен күткен баспаналарына ие болды.

Жергiлiктi атқарушы органдардың берген мәлiметiне сәйкес, қазiргi таңда Қазақстанда 32 мың көп балалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған мiндеттердiң iске асырылу барысы ҚР Үкiметiнiң ерекше бақылауына алынған.

https://primeminister.kz/kz/news/sotsialnaya_politika/18376

 

Құрылған күні: 02.05.2019
Қаралым саны: 915
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус