Ақмола облысы ТЖД «Ақмола облысы аумағындағы су тасқыны кезеңінің ағымдағы жағдайы туралы» брифинг өтті

2019 жылғы 05 сәуiрде Ақмола облысы ТЖД дағдарыс орталығында «Ақмола облысы аумағындағы су тасқыны кезеңiнiң ағымдағы жағдайы туралы» брифинг өттi. Спикер болып Департамент бастығыазаматтыққорғауподполковнигi Алексей Советов сөзсөйледi.

Бүгiнгi күнi облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты шиеленiскен. Елдi мекендерде тұрғын үй секторы мен объектiлердi су басуға жол бермеу бойынша жұмыстар тәулiк бойы жүргiзiледi.

Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң көпшiлiгiнде жағдай тұрақтанды, олар Көкшетау, Степногорск қалалары, Бiржан сал, Ерейментау, Шортанды, Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Егiндiкөл аудандары.

Ақмола облысының су объектiлерiнде көптеген гидрологиялық бекеттер ауданында арнаның мұздан толық тазартылуы байқалады, кейбiр бекеттерде қалдық мұз құбылыстары байқалады.

Ақмола облысының «Қазгидромет» мәлiметтерi бойынша, ағымдағы жылдың 05 сәуiрi күнi сағат 10.00-де Сiлетi, Мойылды, Шағалалы және Есiл өзендерiнiң гидрологиялық бекеттерiнде (Түрген МБ-дан Новоишимка МБ-ға дейiн) деңгейдiң төмендеуi байқалады, су деңгейiнiң ауытқуы ағынының ағысы мен жоғарғы ағысына жетуiне байланысты.

Өзен деңгейiнiң жоғарылауына байланысты Ақмола облысының Целиноград, Астрахань, Зерендi, Аршалы аудандарында және Атбасар қ шиеленiскен жағдай қалыптасты.

Атбасар қаласында су тасқынына дайындық мақсатында «№1 орта мектеп»КММ ауданында 1500 қап салынған, 100 м полиэтилен тарту жолымен «Сейфуллин ЛОГа» шлюзiнiң денесi нығайтылды және ұзындығы 20 м 300 қап салынған.

Сонымен қатар, қызыл су басу аймағында орналасқан тұрғын үй берiлген, бiрақ қоныс аударудан бас тартқан (18 үй көшiрiлген, 5 үй көшiрiлмеген) тұрғындарды хабардар ету және эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Целиноград ауданының 3 елдi мекенiнде ТЖД және жергiлiктi атқарушы органдардың күштерi мен құралдарымен 31 мың м3 астам қар суын сорып шығарды және 155 м жасанды канал нығайтылды, Нұра өзенiнiң жағасына 430 қап төселдi.

Облыс бойынша барлығы 226 адам (ЖАО-81, ТЖД-96, Нұр-сұлтан қ. ТЖД-9, Шымкент қ. ТЖД-21, ЖПҚ-11, «Көкше-Бур» ЖШС-3 адам, «БВР Сервис»ЖШС-5 ), 76 бiрлiк техника (ЖАО-37, ТЖД-22, Нұр-сұлтан қ. ТЖД-1, Шымкент қ. ТЖД-5, ЖПҚ-10, «БВР Сервис»ЖШС-1), 17 бiрлiк мотопомпа (ЖАО-1, ТЖД-13, және Департаменттiң 5 жүзу құралдарыж жұмылдырылған.

Ақмола облысы ТЖД

  

Құрылған күні: 05.04.2019
Қаралым саны: 421
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус