Бурабайда туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Облыс әкiмi Бурабайда Щучъе-Бурабай курорттық аймағын одан әрi дамыту мәселелерiне арналған жиын өткiздi. Оған туристiк компаниялардың, қонақ-үй кешендерiнiң, «Көкшетау минералды су» АҚ басшылары мен туризм саласының сарапшылары қатысы.

Жиында аймақ басшысы қатысушыларды Щучъе-Бурабай курорттық аймағын дамыту кешендi жоспары аясында iске асырылатын 3-шi кезең жобаларымен таныстырды. Ол бойынша курортық аймақта құны 63 млрд. теңге болатын 35 iс-шара жүзеге асырылады. Алдымен инфрақұрылым мен инженерлiк жүйелер құрылысының жобалары iске асырылып, кезең-кезеңiмен мәдени, спорттық-сауықтыру нысандары бой көтередi.

Курорттық аймақты дамыту мақсатында қолға алынатын жұмыстар туралы таратып айтқан облыс әкiмi, Бурабайда тау-шаңғы курортының құрылысы басталатынын айтты. Бүгiнгi күнi бұл жобаны итальяндық «Dolomiti Superski» компаниясы жасап жатыр. Сонымен қатар, өңiр басшысы жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бiрлесiп жүргiзiп жатқан жұмыстармен таныстырды. «Астана-Бурабай» трассасы бойында алдағы туристiк мауысымға дейiн, 4 модульдiк павильон салынады, оның екеуi ЩБКА аумағында орналастырылады. Мұнымен қоса, облыс әкiмi Бурабай аумағында жеке инвесторлар арқылы «аквопарк» салу жобасы қарастырылып жатқанын және «Қазақстанның киелi орындары» жобасы аясында «Ботай» мәдениетi жаңғыртылатынын жеткiздi.

«Жалпы бiздiң негiзгi мақсатымыз Бурабайды жыл бойғы туристiк орталыққа айналдыру. Ол үшiн бар мүмкiндiктi қолдану керек, оған әлеуетiмiз жетедi» ,- дедi М. Мырзалин.

Өз кезегiнде «Бурабай даму» ЖШС бас директоры Ғ. Әбдiхалықов ЩБКА жүйелi даму жоспары аясында Үлкен Шабақты көлi мен Текекөл ауданы аумағындағы 233 гектар жердi игеру жұмыстарның барысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған 233 гектар аумақты игеру жоспары ағымдағы жылдың 15-шi қарашасында дайын болады. Бұл жобаны iске асыру үшiн әлемдегi 70 курорттық орталықтың жобасын iске асырған испандық «THR» компаниясы тартылған.

Мұнымен қатар, Ғ. Әбдiхалықов «Абылай-хан» алаңы жобасын одан әрi дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Батыр бабалар» мемориалдық — кешенi салынатынын жеткiздi.

Диалог барасында қатысушылар Бурабайдың туристiк әлеуетiн арттыру мақсатында жаңа идеяларымен де бөлiстi. Мәселен, «Көкшетау минералды су» АҚ бас директоры М. Ахметов аймақ басшысына кәсiпорын шығаратын су түрлi дерттерден емдеуге, яғни шипалы су ретiнде пайдалануға болатынын айтты.

«Бiз осы жұмыс iстеп тұрған демалыс үйлерi базасында шипалы сумен емдеу бойынша өз қызметiмiздi ұсынамыз. Бұл емдеу әдiсi дүниежүзiндегi танымал курорттардан еш кем түспейдi. Бiздiң курорт үшiн арнайы шығарылған судың құрамында минералдардың 18 түрi кездеседi, бұл «Боржоми» сияқты танымал брэнд сулардан үш есеге артық.,- дедi «Көкшетау минералды су» АҚ бас директоры М. Ахметов

Облыс әкiмiмен құрылған диалог барысында туристiк сала өкiлдерiне, сала мамандары медициналық қызмет көрсету мақсатында алынатын лицензияға қатысты кеңестер берiп, отельдер басшыларына «жұлдызды» алу тәртiбi түсiндiрiлдi.

«А1» компаниясының басшысы Г. Байқошқарова түрлi мерекелiк iс-шаралар ұйымдастыру арқылы күз, көктем және қыс мезгiлдерiнде туристердi тарту жолдарын айтып бердi.

Кездесу барысында аймақ басшысы жеке компания өкiлдерiнiң түйiткiлдi сұрақтарына жауап берiп, туризм саласына жауапты мамандарға осындай жиналыстарды дәстүрлi түрде өткiзiп тұруды тапсырды.

Құрылған күні: 02.10.2017
Қаралым саны: 1679

Қаз Рус Eng