Ақмола облысында Жеңіс күні 1942 жылы қаза тапқан жауынгердің сүйегін салтанатты түрде қайта жерлеу рәсімі өтті

Бүгiн «Мәңгiлiк алау» мемориалында Ресей Федерациясының Ленинград облысында iздеушiлермен сүйегi табылған жауынгермен қоштасу рәсiмi өттi. 1942 жылғы ақпан айында белгiсiз кеткен Абдолқасым Әубәкiрұлы Жаманбаев Ақмола облысының тумасы. Соғыс батырларының алдында өтеусiз парызды ұрпақтарына еске салатын осы уақиғаның 9 мамыр қарсаңында орын алуы тегiн емес.

«Бiз бүгiн Мәңгiлiк алау алдында алапат ұрыс алаңында жанын пида етiп қаза тапқандарға, өткен сұрапыл соғыста белгiсiз кеткен, Ұлы Жеңiстi көрмей кеткен батырларымызға тағзым етемiз.

Жеңiс күнiне жетiп, елдi соғыс салдарынан қалпына келтiруге қатысып, бүгiнгi күнге дейiн жетпеген қаһармандарымызды еске алып, алдарында басымызды иемiз.

Аға ұрпақтың барлық iстегенi, Отан игiлiгiне iстелдi. Бiздiң аталарымыздың ерлiгi мен өжеттiгiне барша әлем куә болды. Қаза тапқандардың ерлiгi — ешқашан да өлмейдi !» — дедi облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин.

Сондай-ақ, митингiде Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қ. бас консулы Болат Иманбаев, қаза тапқан жауынгердiң немересi Қанат Жаманбаев сөз сөйледi.

Ақмола облысында 90 мыңнан астам адам соғысқа шақырылды, оның 37 мыңнан астамы ғана қайтып оралды. Өкiнiшке орай, майдангер-ақмолалықтардың қатары жыл сайын сиреп келедi. Бүгiнгi таңда облыста Ұлы Отан соғысының 76 ардагерi тұрады.

Жыл сайын Көкшетау қаласының басты көшесiнде «Мәңгiлiк жасақ» акциясы ұйымдастырылады, оған адамдар өздерiнiң соғысқа қатысқан туыстарының фотосуреттерiн алып шығады. Биыл осы iс-шараға 7000 астам адам қатысты. Шерудi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин бастап жүрдi.

Жыл сайын «Мәңгiлiк жасақ» шеруiнде фотосуреттер саны көбейiп келедi: соғыс алапатын есiнде сақтағандар мен ажалды көзiмен көргендер өмiрден озуда. Адамдар туыстарының суретiн қолдарында ұстап, үнсiз келедi, олардың әрқайсысы Ұлы Жеңiске өз үлестерiн қосқандар. «Ортақ жеңiс колоннасы Естелiктiң жарқын көрiнiсi. Дiни нанымына, ұлтына, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан, бiз бiргемiз және Ұлы Отан соғысы жауынгерлерiнiң ерлiгiне құрмет көрсету және есте сақтау бiз үшiн маңызды», — дедi акцияға қатысушы.

Сол күнi орталық алаңда «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңiс!» театрландырылған көрiнiс, Мәлiк Ғабдуллин мен Талғат Бигелдинов ескерткiштерiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өткiзiлдi. Соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерiне әскери-дала асханасы ұйымдастырылды. Кешке мерекелiк концерт пен от шашу жоспарланды.

      

Құрылған күні: 09.05.2018
Қаралым саны: 2304

Қаз Рус Eng