Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді

Бүгiн өңiр басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде — облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар, атап айтқанда, Есiл ауданында және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында.

Аудан әкiмi Талғат Ерсейiтовтiң ақпараты бойынша, «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберiнде өңiрде әртүрлi әлеуметтiк-кәсiптiк санаттардан, соның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлерден, мұғалiмдер мен жастардан 1500-ден аса адамды қамтыған 27 iс-шара өткiзiлдi. Сонымен қатар жедел топ ақпараттық-түсiнiктеме беру жұмыстарын жүргiзедi, оның мақсаты — халықтың сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiгiн қалыптастыру. Бұзушылықтардың алдын алу үшiн ай сайын «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» профилактикалық iс-шарасы өткiзiлiп тұрады, оған уәкiлеттi органдармен қатар жергiлiктi тұрғындар да тартылған.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Көшекбай Бiржекеев ведомствоға бағынысты 14 кәсiпорындармен және мекемелермен бiрлесiп кадрлық саясатта меритокартия қағидатын нығайтуға бағытталған келiсiмдерге қол қойылғаны туралы баяндады. Қоршаған ортаға эмиссияға рұхсат беру және бiрқатар мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларын беру қызметтерi электрондық форматқа көшiрiлген.

Кездесудiң қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, басқармалардың басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы кез келген сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне «нөлдiк» төзiмдiлiк ахуалын құру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Құрылған күні: 28.02.2019
Қаралым саны: 458
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng