Ақмола облысында Мемлекет басшысының жолдауын талқылау бойынша актив өткізілді

Бүгiн Ақмола облысының активi Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау, осы бағдарламалық құжаттан туындайтын негiзгi мiндеттер мен бағыттарды айқындау үшiн жиналды.

Активтiң жұмысын ашып, облыс әкiмi Мемлекет басшысының биылғы жолдауы өмiр сүру деңгейiн арттыруға бағытталғанына баса назар аударды. Бұл — елiмiздiң әрбiр азаматына — әрбiр қазақстандыққа қамқорлық.

Iс-шарада экспортқа бағытталған индустриализация, инновациялық және сервистiк секторларды дамыту, агроөнеркәсiп кешенiнiң әлеуетiн пайдалану мәселелерi талқыланды.

Ел Президентiнiң Жолдауы әлеуметтiк бағытталуын ескере отырып адам капиталын — бiлiм денсаулық сақтау бұқаралық спорт объектiлерiне қол жетiмдiлiк саласын дамыту бойынша алда үлкен жұмыстар тұр.

«Өңiрлiк астық холдингi» ауыл шаруашылығы кооперативiнiң басшысы Е. Ташенов, Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директоры Д.Ысқақов, «Ақмола-Тiршiлiк» ЖШС директоры Ж. Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Ақмола филиалының директоры В.Чеусов, Зерендi ауданының әкiмi М.Мұстафин сөйледi

Баяндамашылардың ойы Мемлекет басшысы алға қойған мiндеттер — барлық салаларды қамтитын тұтас жүйе ғана емес, Қазақстанның жаңа экономикалық өсу моделiн қалыстастыратын сенiмдi көпiр деген пкiрде тоғысты.

- Ақмолалықтар Елбасы Қазақстан халқына жолдауында алға қойған мiндеттердi сәттi шешу үшiн барлық күш-жiгерлерi мен бiлiмдерiн жұмсайтынына сенiмдiмiн, — дедi облыс әкiмi кездесудi қорытындылай келе.

Активтiң нәтижесi бойынша М.Мырзалин өңiрде құжаттың барлық ережелерiн жүзеге асыру бойынша нақты мiндеттер белгiледi.

Актив өткiзу — «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негiзгi ережелерiн түсiндiруге бағытталған кең көлемдi ақпараттық компанияның басы. 

  

Құрылған күні: 08.10.2018
Қаралым саны: 839
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng