Ақмола облысында Жеңіс күні тойлануда

Жеңiс күнi Амола облысында ешкiмдi де шетте қалдырмайды. Әрбiр отбасында ардагерлердiң, тыл еңбеккерлерiнiң естелiктерi сақталуда.

9 мамырда Көкшетауда Ұлы Жеңiстiң 74 жылдығы атап өтiлдi. Соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсету және ардагерлерге ризашылық бiлдiру үшiн мыңдаған ақмолалықтар жиналды. Мұнда таңертеңнен берi радиогазет халықтың ерлiгi туралы баяндап тұрды, мектептердiң әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушiлерi сөйледi, қалалық парктiң аллеясында соғыс жылдарының тақырыптық көрмесi ұйымдастырылды.

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жиналғандарды құттықтап сөз сөйледi.

- 1945 жылғы мамырдағы Жеңiс өз Отанына адалдықтың нағыз символы, ол әлi баршамыздың жүректерiмiзде. Көпұлтты Қазақстан халқы бiрлiгiнiң, оның өз елi мен тарихына деген шексiз сүйiспеншiлiгiнiң символы. Бүгiнгi бiздiң мiндетiмiз — осындай қымбатқа түскен бейбiтшiлiктi сақтау, Қазақстан халқының бiрлiгiн сақтау үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсау, — дедi өңiр басшысы.

"Ел аңсаған — Ұлы Жеңiс" атты кең көлемдi театрландырылған қойылымның қатысушылары 1941-1945 жылдардағы соғыстың барлық кезеңдерiн көрсетiп, оның қайғысы мен ұлылығын, қасiретi мен қуанышын жеткiзе алды. Кульминациялы сәтте алаңның үстiнен ұшақ ұшып "Жеңiс күнiмен!", "С победой!" деген жазулары бар үнпарақтарды шашып өттi.

"Бессмертный полк" кең көлемдi қоғамдық акциясы облыстың көптеген тұрғындары тарапынан үн қосу тапты, 2 мыңға жуық көкшетаулықтар кезектi рет өздерiнiң майдангер-туыстарының портреттерiн ұстап қаланың бас көшесiмен және Даңқ аллеясымен өттi. Айта кетейiк, Ақмола облысынан майданға 90 мың адам алынып, оның 37 мыңнан астамы ғана қайтып оралды.

Облыс әкiмi Кеңес Одағының батыры, академик Мәлiк Ғабдуллиннiң, екi мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-шабуылшы Талғат Бигелдиновтiң ескерткiштерiне гүлдер салынған себеттер қойды.

Үрлемелi аспаптар оркестрiнiң сүйемелдеуiмен шеру Мәңгi алау мемориалына дейiн жалғасты.

Соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерiне арналып әскери-дала асханасы жайылды. Ал кешке "Ұлы Жеңiс әндерi!" атты мерекелiк концерттiк бағдарлама жоспарланған, ол мерекелiк от шашумен аяқталады.

   

Құрылған күні: 09.05.2019
Қаралым саны: 470
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус