Ақмола облысында БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев журналистердi кәсiби мерекесiмен құттықтады. Салтанатты рәсiм барысында өңiр басшысы БАҚ-тардың ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы маңызды рөлiн атап өттi, журналистерге атқарып жатқан жұмысы үшiн алғысын бiлдiрдi және алдағы уақытта да шығармашылық табыс тiледi.

«Еңбек ардагерi» медалiмен журналистика ардагерi Лариса Аитова, Жақсылық Байменов, Сайлау Көшкен, Гүлнар Шаймерген наградталды. «Ақпарат саласының үздiгi» құрмет атағына ардагер журналист Иван Перерва ие болды.

Сол күнi облыс алдындағы ерен еңбегi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарының бiрқатар өкiлдерi Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң, Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Ақмола облысы әкiмiнiң Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, 15 аталым бойынша «Алтын қалам» облыстық конкурс жеңiмпаздарының аттары жарияланды.

Құрылған күні: 28.06.2019
Қаралым саны: 263
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус