Ақмола облысында жол бойындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары басталды

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин барлық халықаралық стандарттарға сай келетiн жол бойындағы сервис объектiсiнiң ашылуына қатысты. Жұмыстар облыс әкiмдiгi мен «Казавтожол» ҰК» АҚ арасында өткен жылы қол жеткiзiлген өңiрдiң тас жолдарында модульдiк павильондар орнату туралы келiсiмнiң шеңберiнде жүргiзiлдi.

Бүгiн Астана-Бурабай трассасының бойында жолаушыларға арналған «KazWay» модульдiк түрiнiң бiрiншi сервистiк павильоны орнатылды.

Өрт қауiпсiз, жылытылған, жалпы ауданы 43 квадрат метр павильон қиратылмайтын, үш қабатты, күннiң сәулесiн қайтаратын әйнекпен жабдықталған. Қысқы маусымда орынжай инфрақызыл жылытқыштармен жылытылатын болады. Блок-модулдерi қазақстандық өндiрушi зауытта шығарылған. Болашақта осындай модульдiк павильондарда ана мен бала бөлмесiн жабдықтау жоспарланып отыр.

Мердiгер ұйымның басшысы Алмаз Қанаттың облыс әкiмi Мәлiк Мырзалинге айтуынша азаматтарға қолайлы болуы үшiн сымсыз интернет (WiFi), бейнебақылау, мини-кофейня, сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған вакуумды ағызу жүйесi бар заманауи санитарлық торабы бар. «Санитарлық тораптарда бiз ұшақтар мен заманауи поездарда бар суды үнемдейтiн технологияларды қолдандық», — деп түсiндiрдi компания директоры.

Бүгiнгi таңда жол бойындағы ешқандай санитарлық нормаларға сәйкес келмейтiн ескi, суық, бетоннан және кiрпiштен салынған әжетханаларды сырып тастау жұмыстары басталды. «Казавтожол» ҰК» АҚ өкiлi Ерлан Рысбеков, — «бұл Ақмола облысының тас жолдарында жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыру бойынша жүргiзiлетiн жұмыстардың басы», — дедi. Жоспар бойынша өңiрде 15 маусымға дейiн осындай 6 павильон орнатылады: 4-еуi тас жолда және 2-еуi Бурабай курорттық аймағында.

 

Құрылған күні: 31.05.2018
Қаралым саны: 2159

Қаз Рус Eng