Ақмола облысында ашық аспан астында «Ботай - Бурабай» археологиялық-этнографиялық музей» ашылды

«Рухани жаңғыру бағдарламасының «Сакральды география» жобасын iске асыру аясында Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында ашық аспан астында «Ботай — Бурабай» археологиялық-этнографиялық музей» ашылды.

Саябақтың ашылу рәсiмiне Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, ғылыми орта және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

Ашылуы Астананың 20 жылдығына орайластырылған бiрегей саябақ, диаметрi 8-10 метрлiк Ботай дәуiрiнiң жетi тұрғынжайынан тұратын сәулет-мәдени ансамбль ретiнде ұсынылған. Тереңдiгi бiр метрден тұратын шұңқырлар үйлер үшiн база болды. Шұңқырлардың үстiнен шөп пен мүк салынған, үстi сазбен сыланған, саман мен шым жайылған бөренеден күмбез тұрғызылды. Барлық тұрғынжайлар бiр-бiрiмен жерасты жолымен қосылған және олардың әрқайсысы өздiгiнше бiрегей: бiр жерiнде салт-дәстүрлер өткiзiледi, басқа жерiнде ниет бiлдiргендер қолөнермен таныса алады, үшiншiсiнде сол дәуiрдiң қару-жарағы ұсынылған, көршi тұрғынжайда қымыз дайындау және т.б. көрсетiледi.

2017 жылы Ақпарат және коммуникация министрлiгi Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету тарихы және Ботай дәуiрiнiң мәдениетi туралы сыр шертетiн «EQUUS Жылқы тарихы» кең ауқымды халықаралық ғылыми кинотрилогия түсiрiлiмiн ұйымдастырған болатын. Ақпарат және коммуникация министрлiгiнiң брендтi одан әрi кеңейту және Ботай мәдениетiнiң этнографиялық музейiн құру туралы бастамасы Орал-Ертiс өзен аралығының Ботай мәдениетiн таратудың бiр ареалы және қазiргi заманғы туристiк инфрақұрылымды дамыту ретiнде Бурабай ауданының аумағында «Ботай-Бурабай» визит-орталығы» құрылысын ұйымдастырған Ақмола облысының әкiмдiгiнде қолдау тапты.

Жобаның мақсаты: қазақ халқының ежелгi мәдени дәстүрлерiн тұрақты, әрi үздiксiз қалпына келтiру, Қазақстан азаматтарының әлемдiк мәдени қазынаға тарихи үлесiн тиiмдi насихаттау мүмкiндiгi және Қазақстанның мәдени жетiстiктерiн белсендi насихаттау үшiн жағдай жасау, Ақмола өңiрiнiң туристiк индустриясын дамыту.

Ботай мәдениетi — дала өркениетiнiң матрицасы болып табылады, ол қазiргi заманғы дамудың векторы мен динамизмiн айқындады. Соңғы алты мың жыл iшiнде Еуразия тарихының қарқынды жаңашылдығы, өмiрдiң аграрлық және әлеуметтiк-мәдени саласында тағдыр құлшынысы болды. Қазақстандық ғалымдар В. Зайберт пен Н. Баймұхановтың еңбектерiнде ботай мәдениетiнiң интеллектуальды мазмұны жоғарғы беделге ие болды және Science, Nature және басқа да халықаралық басылымдарда ғылыми тұрғыдан танылды.

ХХ ғасырдың таңғажайып археологиялық жаңалығы — Ботай мәдениетiнiң авторы Виктор Федорович Зайберт  — археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Социологиялық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесi тарихтың осы кезеңiн ерекше атап өтедi, себебi сол дәуiрде Солтүстiк Қазақстан аумағында жабайы жылқыларды қолға үйрету орын алды. Бұл факт халықаралық ғылыми қауымдастықпен дәлелдендi.

 

 

 

Құрылған күні: 07.07.2018
Қаралым саны: 547

Қаз Рус Eng