Ақмола облысында шетелдік студенттерді медицина мамандықтарына оқытатын болады

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң медициналық факультетiнде шетел студенттерiн оқыту мәселесi бойынша кеңес өткiздi.

Оқу iсi жөнiндегi проректоры Айгүл Жақыпованың ақпараты бойынша, медициналық кадрларды дайындау үшiн университет қажеттi жағдайлар жасаған: профессорлық-оқытушылар құрамы жинақталды, оқыту-зертханалық жабдықтар сатып алынды, медицина факультетiнiң деканаты құрылды, сондай-ақ 2 кафедра — клиникалық пәндер және морфология, физиология және жалпы анатомия. Шетел студенттерiн ағылшын тiлiнде 103 оқытушы оқытатын болады.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша студенттер контингентi 173 адам құрайды, соның iшiнде облыс әкiмiнiң гранты бойынша 50 адам, ҚР БжҒМ гранты бойынша — 12 студент оқиды, қалғандары келiсiм-шарттық негiзде.

Дәрiгерлердi клиникаға дейiнгi дайындаудың симуляциялық орталығының және заманауи зертханалардың — «виртуалды пациент», «виртуалды медициналық академия» жұмысын ұйымдастыру үшiн университетке екi қабатты ғимарат берiлдi.

«Бiлiм және ғылым министрлiгi Елбасы бастама жасаған жобаны iске асыруда. Орталық Азияда бiлiм беру хабын дамыту шеңберiнде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерiнде шетелдiк студенттердi қабылдауы және оқытуы қажет. Осыған байланысты бiз 2018 жылдың шiлде айында «Sun Trap 786 Limited» (Индия)» фирмасымен ынтымақтастық туралы келiсiм жасадық, — дедi А. Жақыпова.

Өз кезегiнде фирманың директоры Шейх Фарух компанияның бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастық бойынша үлкен тәжiрибесi бар екенiн жеткiздi. Фирма бұл салады 25 жыл жұмыс iстейдi. Шетелдiк студенттердiң бiрiншi тобы Индиядан Көкшетауға келуi 15 қазанда күтiлуде. Оларды оқыту, орналастыру және тамақтандыру шығындарын жiберушi-ел көтередi.

Осы кеңестiң шеңберiнде облыс әкiмi салалық басқармалардың және құқық қорғау органдарының басшыларына шетелдiк студенттердiң өңiр аймағында қауiпсiз тұруына, медициналық қызмет алуына, бейiмделуiне жағдайлар жасау бойынша тиiстi тапсырмалар бердi.

Көкшетау мемлекеттiк университетiнде бүгiнгi таңда Монголия, Өзбекстан, Тәжiкстан, Ресейден келген 60 шетелдiк студент оқиды. Сонымен қатар, Индия, Пакистан, Шри-Ланка, Непал, Бангладештен студенттер тарту бойынша келiсiмдер жасалған.

Құрылған күні: 04.10.2018
Қаралым саны: 321
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng