Ақмола облысында кадрлық өзгерістер

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев аппараттық кеңесте активтi бiрқатар кадрлық өзгерiстермен таныстырды.

Облыс әкiмiнiң өкiмiмен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып Ғалымжан Кенжешұлы Әбдiхалықов тағайындалды.

Ғалымжан Әбдiхалықов, 1964 жылы туған, Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тумасы. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Д.А. Қонаев атындағы университеттi бiтiрген.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшiлдер ауданы Мамай кеңшарында бас ветеринарлық дәрiгер лауазымынан бастады.

1988-1999 жылдары Щучинск ауданының Мәдениет кеңшарында директор, Юрьевск кеңшарында директор болып жұмыс iстедi.

1999-2008 жылы салық, қаржы полициясы, ҚР IIМ органдарында қызмет атқарды.

2008-2018 жылдары ҚР Президентi Iс Басқармасының ведомстволарында түрлi жауапты лауазымдарда iстедi.

Тағайындалғанға дейiн «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң директоры болды.

Облыс әкiмiнiң өкiмiмен және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша Азамат Есiмұлы Қапышев Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Қапышев, 1978 жылы туған, Ақмола облысы Зерендi ауданының тумасы. ҚР IIМ Қарағанды заң институтын бiтiрген. Заң ғылымдарының кандидаты.

2003-2011 жылдары ҚР Парламентi Сенатының аппаратында, одан кейiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң аппаратында жұмыс iстедi, онда ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлiмi секторының меңгерушiсi болды.

2011-2017 жылдары ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмi секторы инспекторының және меңгерушiсiнiң, ҚР Президентi Баспасөз қызметi секторы меңгерушiсiнiң лауазымдарын атқарды.

2017-2018 жылдары Зерендi ауданы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.

Тағайындалғанға дейiн Ақмола облысы әкiмi аппараты басшысы орынбасарының лауазымын атқарды.

 

Құрылған күні: 04.07.2019
Қаралым саны: 367
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус