Ақмола облысында технологиялық жаңғыртуға қаржы инвестициялануда

Ақмола облысы өнеркәсiбiнiң 20-дан астам команиялары қазiрдiң өзiнде өндiрiсте цифрлық технологияларды пайдаланады, деп хабарлайды ortcom.kz тiлшiсi. «Өңiр экономикасын әртараптандырудың негiзi индустриализациялау болып қала бередi. Биыл өнеркәсiп кәсiпорындары технологиялық жаңғыртуға белсендi түрде қаржы инвестициялауда, жыл басынан берi олар 52 млрд. теңге игерiп, бұл көрсеткiш 1,8 есе өстi», — дедi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметiнде 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына арналған баспасөз-конференциясында.  Өңiр басшысының айтуынша қазiргi кездiң өзiнде 20-дан аса өнеркәсiптiк компания өндiрiсте цифрлық технологияларды қолданады. Өңiр өнеркәсiбi экспортқа бағытталған. «Облыста Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 300,5 млрд. теңгеге iске қосылған 81 жобаның 27-сi экспортқа бағытталған, және оның барлығы өңдеу секторы саласына жатады», — дедi Мәлiк Мырзалин. Бұл құс етiн өндiру бойынша «Capital Projects Ltd», тауық жұмыртқасын өндiретiн «Үш Булақ» және «КазГеркус», «Астана Агропродукт»  — шұжық өнiмдерi, «Көкшетауминводы», «Көкше Цемент» және басқалар. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында мiндет жүктеген инновациялық және сервистiк салалар да дамып келедi. «Ең алдымен бұл «болашақ экономикасы» бағытындағы баламалы энергетика, биомедицина, блокчейн және басқалар. Осы бағыттарды дамыту әлеуетi, соның iшiнде ғылыми әлеует, бiздiң облысымызда бар», — дедi спикер. Степногорскде Ұлттық биотехнологиялар орталығы және «BIOTRON Group» ЖШС жұмыс iстейдi, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнiң базасында Өңiрлiк ғылыми-зерттеу технопаркi құрылған, Целиноград ауданында өткен жылы Big-Data орталығы ашылды. Әкiмнiң айтуынша баламалы энергетика Ерейментау, Аршалы, Целиноград және Зерендi аудандарында дамып келедi.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 167
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng