Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сiздердiң жасампаз еңбектерiңiзге деген жылы ниетiм мен мерекелiк құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Құрылысшы — қоғамымыздағы ең құрметтi мамандықтардың бiрi. Сiздердiң еселi еңбектерiңiз елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi серпiн бередi. Сiздердiң еңбектерiңiздiң арқасында облысымызда жыл өткен сайын пайдалануға берiлген жаңа тұрғынүйлер мен әлеуметтiк нысандар қатары көбейiп, жолдар салынуда, құрылыс материалдары өндiрiсi қарқынды дамуда.

Қазiр бiздiң алдымызда өңiрiмiздiң заман талабына сай сәулетiн қалыптастыру бағытында жаңа мiндеттер күтiп тұр. Сiздердiң кәсiби бiлiктiлiктерiңiз бен өз iстерiңiзге, Отанымызға деген сүйiспеншiлiктерiңiз осындай маңызды мiндеттi абыроймен орындап, құрылыс саласының табысты өркендеуiне, халықтың әл-ауқатының артуына игi ықпалын тигiзетiнi анық.

Бүгiнгi төл мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық тiлеймiн және ойға алған арман-мақсаттарыңыздың биiктерiнен көрiне берiңiздер деймiн! Сiздерiң ауыр да, жауапты жұмыстарыңыз көңiлдерiңiзге қуаныш, отбастарыңызға береке әкелсiн!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                       Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 10.08.2019
Қаралым саны: 1538
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус