Қымбатты ақмолалықтар!

Баршаңызды мұсылмандар үшiн қасиеттi мереке — Құрбан айттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсiз Қазақстан өзiнiң бай рухани мұраларымен және қайталанбас тарихи, мәдени, дiни дәстүрлерiмен мақтана алады. Бiздiң елiмiзде Құрбан айт — бұл тек мұсылмандарды ғана емес барша қазақастандықтарды бiрiктiретiн достық пен келiсiм, жаңғыру мен жасампаздықтың мерекесi.

Бiз өзiмiздiң озық дәстүрлерiмiздi дамыта отырып, қоғамдағы мәдени және рухани сантүрлiлiктi сақтауымыз, елiмiздiң азаматтарының арасындағы татулық пен сенiмдiлiктi нығайтуымыз қажет. Бұл ежелден келе жатқан халықтық мейрам әлемнiң барлық дiндерiнде көрiнiс тапқан қайрымдылық пен мейiрбандық, әдiлеттiлiк сияқты жақсы қасиеттердi насихаттап, адамдардың бойында орнықтыруға ықпал етедi. Құрбан айт — адамдардың жақын туыстары мен таныстарына, айналасындағыларға жүрек жылуын сыйлауға мүмкiндiк беретiн мейрам.

Осы ұлық мереке күнi қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, зор табыс тiлеймiн! Аңсаған арман-тiлектерiңiз орындалып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесiн! Елiмiз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                            Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 11.08.2019
Қаралым саны: 1913
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус