Ақмола облысының бюджеті нақтыланды

Облыстық мәслихаттың 24-шi кезектен тыс сессиясында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен ағымдағы жылға өңiрдiң облыстық бюджетiне өзгерiстер енгiзiлдi.

Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану үшiн бюджеттiк бағдарламаларға оларды қайта бөлу арқылы өзгерiстер енгiзiлгенiн хабарлады. Қолданыстағы проблемалық мәселелердiң басымдықтарын ескере отырып, аталған қаражат тұрғын үй инфрақұрылымын салу мен бiрлесiп қаржыландыруға, көлiк жүйесiн дамытуға және әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуға бағытталды.

Депутаттар бюджеттi нақтылау туралы шешiмдi бiрауыздан қолдады. Депутаттардың бюджет қаражатынан бөлiнген бағдарламаларды әкiмшiлердiң толық игеруi туралы сұрақтарына жауап берген облыс әкiмi барлық әкiмшiлердiң мiндеттердi толық орындамайтынын атап өттi. Бұл жағдайды түзету үшiн депутаттар мен партиялықтар ретiнде облыстық комиссиялардың жұмысына қосылуы тиiс. Аяқталған объектiлердi қабылдау, мердiгерлердiң жұмысын сапалы бақылау бойынша комиссиялардың жұмысында жалпы қоғам мен азаматтық қоғам өкiлдерiнiң қатысуы да үлкен маңызға ие болып табылады. БАҚ беттерiнде қаражатты игеру, маңызды әлеуметтiк нысандарды, тұрғын үйлердi тапсыру аясында жауапты тұлғалар қызметiнiң терiс нәтижелерiн жиi жариялау керек.

Бұдан басқа, мәслихат сессиясында облыстық әкiмдiктiң жанындағы консультативтiк-кеңес беру органдарындағы өзгерiстер туралы 16 шешiм қабылданды.

Құрылған күні: 10.10.2018
Қаралым саны: 653
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng