Бурабай тауында «BURABAY» жазуы орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Бурабай ауданының Щучье қаласында таудың үстiне «BURABAY» жазуы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. Калифорниядағы белгiлi HOLLYWOOD жазуы iспеттес алып әрiптер Щучинск қаласындағы телемұнараның жанындағы тауға орнатылды. Жалпы ұзындығы 60 мерт, биiктiгi 14 метрдi құрайтын әрiптер түнде түрлi-түстi болып жанады. «Бұл жазу Бурабайдың адамдар суретке түсетiн сүйiктi жерлерiнiң бiрi болатыны сөзсiз. Сонымен қатар, курорттың символы ретiнде өңiрге туристердi тартуға да септiгiн тигiзбек», — дейдi Ақмола облысы әкiмiнiң туризм жөнiндегi кеңесшiсi Марат Иғали. Сонымен қатар, Бурабайда биылғы туристiк маусым ашылған кезде «Визит орталық» аумағында аквапарк ашылды. Айналма жол айырығында «I Love Burabay» әдемi сәулеттi композиция орнатылғанын да атап өткен жөн.

 

Құрылған күні: 18.07.2018
Қаралым саны: 671
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng