Бурабай курорттық аймағының туристері «BurabayPASS» картасының көмегімен 50%-ға дейін үнемдей алады

Қорап нұсқасындағы «BurabayPASS» туристiң ресми картасы сатылымда. Ол туралы облыс әкiмi М.К. Мырзалинмен кездесу барысында Қазақстандағы CityPASS өкiлi Алексей Погодаев хабарлады.

«Burabay PASS» жинағы қамтиды: курорттық аймақтың объектiлерiне бару үшiн пластикалы смарт-карта, жол көрсеткiш-карта, қолайлы тарифтiк жоспарымен телефон sim-картасы. Қазiргi сәтте «BurabayPASS» картасы курорттың визит-орталығына, бес саяхат бағыттарына, сондай-ақ отельдер мен қонақ үйлерiне, мейрамханалар мен кафелерiне баруға айтарлықтай жеңiлдiктер ұсынады.

Жылдан жылға карта жаңа туристiк және мәдени объектiлермен толықтырылатын болады. Демалушы картаны пайдалана отырып, орташа есеппен 15%-дан 50%-ға дейiн үнемдей алады. «BurabayPASS» картасын Бурабай кентiнде «Burabay Damu» дүңгiршектерiнен және елорданың сауда орталықтарында сатып алуға болады. Сонымен қатар, қонақтың электронды картасын Astana CityPASS http://astana.citypass.kz  ресми сайты арқылы да сатып алуға болады.

«BurabayPASS» құру, Қазақстандағы CityPASS операторының және «BurabayPASS» туристiк ақпараттық орталығының бiрлескен жұмысының нәтижесiнде мүмкiн болды. CityPASS жобасы 2017 жылы әлемнiң ең танымал туристiк қалалары — Нью-Йорк, Лондон, Париж, Барселона и т.б. негiзiнде баламалы түрде әзiрленген болатын.

   

Құрылған күні: 02.08.2018
Қаралым саны: 537
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng