ТҚЖБ басшылары мен туыстары мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыспауға міндеттеме алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкiнiң басшылығы мен туыстары банк арқылы мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасына қатыспауға мiндеттеме алды. Бұл туралы бүгiн Парламент Мәжiлiсiнде банктiң басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлiм еттi, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Биыл ақпан айында бiздiң қоғамдық кеңестiң отырысы аясында мен және менiң орынбасарым жеңiлдiк беретiн мемлекеттiк бағдарламаларға қатыспау туралы мiндеттеме алдық. Ол мiндеттемеге тiптi бiздiң отбасы мүшелерiмiз, ата-аналарымыз, туған бауырларымыз кiрiп отыр. Бiз бұл процестi қадағалап келемiз", — дедi банк басшысы Мәжiлiстегi «Нұр Отан» фракциясының отырысында. Оның айтуынша, банк топ-менеджерлерiнiң қатысуымен орын алған атышулы оқиға 2008-2010 жылдардағы бағдарламада орын алған. "Ол кезде азаматтар банк туралы аз бiлетiн. Жинақ ашқан адамдардың басым бөлiгi Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкiнiң қызметкерлерi болған. Олар бiрiншi болып баспана алғаны да заңды. Олар қатысқан уақытта топ-менеджер қызметiнде болмаған. Заңнама бұзу жоқ бұл жерде. Ол кезде барлығы да қатысуға құқылы едi", — деп түсiндiрдi Л. Ибрагимова. Оның сөзiнше, бұл жерде сөз этика жөнiнде болып отыр. Ол банк қызметi азаматтар үшiн ашық болуы керек екенiн мойындады. "Мен өз тарапымнан банк басшылығы мен басқарма мүшелерi тарапынан мұндай оқиғалар қайталанбауына кепiлдiк бере аламын", — деп xабарлады ол. Еске сала кетейiк, Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi басшысының бұрынғы орынбасары Айжан Медеуова банк жеңiлдiктерi арқылы өзiне және өз туыстарына пәтер алып бердi деген шу бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кезде қызметiнен кеткен болатын. Ол жеңiлдiкпен 3 пәтер алғаны анықталды, бiрi — жеке өзiне, екiншiсi — сiңлiсiне, үшiншiсi — бұрынғы күйеуiне.

Құрылған күні: 24.04.2017
Қаралым саны: 2241

Қаз Рус Eng