Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ақмола облысының орталығында Құрылысшылар күнiне арналған салтанатты жиналыс өткiзiлдi. Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев өзiнiң құттықтау сөзiнде құрылысшы мамандығы ең жасампаз кәсiптердiң бiрi болып табылатынын атап көрсеттi. «Бiздiң көз алдымызда Ақмола облысының барлық өңiрлерiнде кең көлемдi өзгерiстер жүрiп жатыр, олардың бәрi iрi мемлекеттiк және жеке инвестициялардың арқасында жүзеге асырылуда», — дедi әкiм.

Өңiрде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 1 млн. 300 мың кв.м тұрғын үй пайдалануға берiлдi, яғни 10 мыңнан аса отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Сонымен қатар, 5 мектептiң, 3 мектепке жапсаржайдың, 2 балабақшаның, онкологиялық емхананың, 3 дәрiгерлiк амбулаторияның және басқа да әлеуметтiк маңызды объектiлердiң құрылыстары жүргiзiлiп жатыр.

Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан елеулi үлестерi үшiн құрылыс саласының бiрқатар өкiлдерi «Құрметтi құрылысшы» төсбелгiлерiмен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, мини-футболдан Құрылысшылар күнiне орайластырылған турнирдiң жеңiмпаздарына ақшалай сертификаттар тапсырылды.

Құрылған күні: 09.08.2019
Қаралым саны: 1561
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус