Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Бүгiн, өңiр басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуiмен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезектi отырысы өткiзiлдi.

Комиссияның отырысында облыстық iшкi саясат басқармасының башысы Гүлжанар Шөкеева айқындалған нысаналы аудиторияларда алдын алу жұмыстарын жүргiзу мәселелерi бойынша сөз сөйледi.

Сонымен қатар, облыс әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова Ақмола облысында дiни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың барысы туралы ақпарат бердi.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша терроризм мен дiни экстремизмнiң алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған тиiстi шешiмдер қабылданды.

Құрылған күні: 05.04.2019
Қаралым саны: 342
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус