Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңестiң отырысы өттi.

Отырыстың аясында Қазақстан Республикасында Дiни саладағы мемлекеттiк саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының iс-шаралар жоспарын iске асыру барысы қаралды. Осы бағыт бойынша негiзгi есеппен дiн iстерi басқармасының басшысы Болат Қасенов сөз сөйледi, сондай-ақ дiни бiрлестiктердiң көшбасшылары мен аудандардың әкiмдерi тыңдалды.

«Науан Хазiрет» атындағы мешiттiң имамы Қуаныш Сәбит және Қазақстанның Православ шiркеуi Көкшетау мен Ақмола Епархиясының епископы Серапион тұлғаны рухани-адамгершiлiк рухта тәрбиелеу, қоғамдық санада дәстүрлi отбасының құндылықтары мен идеалдарын нығайту, неке бұзылуының фактiлерiн қысқарту және жүргiзiлiп жатқан қайырымдылық iс-шаралары бойынша дәстүрлi дiндердiң қызметi туралы әңгiмелеп бердi.

Сондай-ақ, кездесудiң қатысушыларымен бiлiм беру саласындағы зиялылық қағидасын нығайту мәселесi, ақпараттық-түсiндiру топтарының Аршалы мен Бұланды аудандарындағы жұмысының қорытындылары талқыланды.

Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, басқармалардың басшыларына, жоғарғы оқу орындарының ректорларына отансүйгiштiк пен зиялылық қағидаларын нығайту, ұлттық дәстүрлердi тiрек ететiн тағаттылық дiни сезiмдi қалыптастыру бойынша жұмысты белсендiрудi тапсырды.

Кеңес отырысының қорытындысын шығара отырып, өңiр басшысы дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты ұтымды iске асыру, қауiпсiздiк, қоғамдағы бейбiтшiлiк пен тұрақтылық, барлық мемлекеттiк пен үкiметтiк емес құрылымдардың, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ дiни бiрлестiктердiң тұжырымдамалы өзара iс-қимылына байланысты болатынын атап өттi.

Отырыс соңында Мәлiк Мырзалин iс-шараның қатысушыларын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады, сондай-ақ бейбiтшiлiктi сақтауға және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды дамытуға қосқан зор үлесi үшiн, өңiрдiң дiн өкiлдерiне алғыс хаттар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында басып шығарылған «Жер жаннаты» энциклопедия-кiтаптың сыйлық данасын табыс еттi.

Құрылған күні: 26.12.2018
Қаралым саны: 788
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng