Highvill Kazakhstan өкілдерімен кездесу өтті

Бүгiн Ақмола облысының әкiмдiгiнде оңтүстiк корейлiк «Highvill Kazakhstan» (Хайвил Қазақстан) инвестициялық-құрылыс компаниясының өкiлдерiмен кездесу өттi.

Кездесу барысында облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Василий Крылов мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердiң құрылысына және тұрғын үй құрылысына жетекшi компанияның қызығушылық көрсететiнiне ниет бiлдiрдi.

Қонақтарға Бурабай курортының жыл бойы қызмет көрсетуi үшiн бастама жасалған инвестициялық жобалар, сондай-ақ Көкшетау қаласының жаңа «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысын егжей-тегжейлi жоспарлау таныстырылды. Болжам бойынша облыс орталығының одан әрi дамуы заманауи сәулет шешiмдерiн және «Смарт Сити» қағидаларын енгiзудi талап етедi.

«Highvill Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ өз кезегiнде, Ақмола облысы инновацияларды және үздiк әзiрлемелердi ұтымды iлгерiлету үшiн алаң ретiнде қарастырылатынын жеткiздi. Компанияның өңiрде жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. Қазiргi уақытта, Бурабайда Назарбаев Университеттiң тапсырысы бойынша Ғылыми-оқу орталығының құрылысы жүргiзiлуде.

Құрылған күні: 26.07.2018
Қаралым саны: 1035
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng