Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Бурабай курортының «ресми суы» таныстырылды

Бурабайда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин отельдердiң иелерiмен сауықтыру тризмiн дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Отель — туристердiң бiздiң облысымыз туралы оң пiкiрiн қалыптастыратын объектi. Мұнда тағы да келгiсi келiп тұруы үшiн оларға нағыз қолайлы жағдайлар жасауымыз керек. Ол үшiн бiзде барлық мүмкiндiктер: көптеген шипажайлар, қылқан жапырақты орман, ондаған көлдер, және шипалы табиғи минералды сулардың кен орындары бар», — дедi өңiр басшысы.

«Көкшетау минералды сулары» АҚ директорлар кеңесiнiң төрағасы Мұрат Ахметов кездесуге қатысушыларға жаңа қазақстандық бренд курорттық аймақтың ресми суына айналатын «Qulager-Burabai» емдiк-асханалық суын таныстырды. Бұл шипалы су Көкшетаудың қырқасындағы «Құлагер-Арасан» кен орнында шығарылады, ұңғыма «Республикалық маңызы бар сауықтыруға арналған су объектiлерiнiң тiзбесiне» енгiзiлген.

«Бурабай өңiрiнiң шипажайларында бұл емдiк суды қолдану елiмiзде медициналық туризмдi дамытуға мүмкiндiк бередi және «Ессентуки», «Боржоми», «Карловы Вары» сияқты әлемдiк курорттық қалалар сияқты орталыққа айналдырады. Зерттеулер бұл шипалы су адам үшiн қажеттi 16 минералмен бiрлесiп адам ағзасының 10 функционалдық жүйесiн емдейтiнiн көрсеттi »,  — дедi Мұрат Ахметов.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенiнiң басшысы Станислав Пшеничный өз кезегiнде радонды судың емдiк қасиеттерi туралы баяндады.

«Өткен жылы бiз родонды ауыз судың бұлақ көзiнде ұңғыма қаздық. Бұл өңiрдегi жалғыз бұлақ. Әлемде мұндай барлығы 500 ғана. Мысалы, Алтайда, Қырымда, Бад-Брамбахеде (Германия), Цхал-тубода (Грузия) бар. Радонды су қан қысымын қалпына келтiру, жүрек-тамырлары жүйесiнiң жұмысын жақсарту үшiн қолданылады, атеросклероздың салдарын жояды», — дедi ЕСК директоры.

Сонымен қатар, қонақ үй бизнесiнiң өкiлдерi сауықтыру және сумен емдеу бөлiгiнде медициналық қызмет көрсетуге лицензия алу тәртiбiмен таныстырылды.

Сол күнi облыс әкiмi Бурабай кентiнiң бiр қатар объектiлерiн аралап шықты. Ең ескi мекемелерiнiң бiрi «Жеке батыр» санаториялық-курорттық мекемесiн 1,5 млрд теңгеге реконструкциялау басталды. Алдағы жылы екi корпус белгiленген мерзiмде реконструкцияланады, ал үшiншi корпус сырып тасталды, оның орнына барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа бес қабатты ғимарат салынады. «Тибет медицинасы, сазбен емдеу, әртүрлi медициналық процедуралардың 46 түрi, «Qulager-Burabai» минералды суы, экономнан люкс сыныбына дейiн бағалар — осының бәрi жаңартылуына қарамастан өзiнiң тарихы мен колоритiн сақтап қалатын бiздiң «Жеке батыр» шипажайында болады», — дедi шипажайдың директоры Ақан Жанпейiсов.

     

Дата публикации: 06.06.2018
Количество просмотров: 2379
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;