Облыс әкімдігінде Степногорск полигонындағы өртке қатысты жағдай талқыланды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте ағымдағы жылғы 1 мамырда Степногорск полигонында орын алған өртке байланысты жағдай қарастырылды.

Полигонға қызмет көрсететiн «Құрылыс МТК» ЖШС компаниясы, Ақмола облысы ТЖД мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмшесiмен бiрлесе отырып өрттi сөндiру және полигон аймағынан шығып кетуiне жол бермеу бойынша шаралар жүргiздi. Қолданылған шаралардың арқасында өрт келесi күнi сөндiрiлдi. Бiрақ, ҚТҚ мен үйiлген қоқыстар арасындағы iшкi химиялық үрдiстердiң нәтижесiнде өрт қайта басталды.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша өрттi сөндiру үшiн сол жерде облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Мұратұлының басшылығымен жедел штап құрылды. Қазiргi уақытта өрт сөндiруге 32 бiрлiк мамандандырылған техника тартылған. Түтiн тарау аумағы 3000 м²-ден 700 м²-ге дейiн азайтылды. Кеңесте өңiр басшысы ресурстарды жұмылдыруды және бүгiннен қалдырмай өрттiң негiзгi ошақтарын жоюды тапсырды.

Облыс әкiмi өңiр тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттiгiн ескерте отырып, салалық басқармалардың басшыларынан әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiн орындау бойынша есеп тапсыруды талап еттi.

Ермек Маржықпаев көктемгi егiн егу жұмыстарын сапалы жүргiзудi қамтамасыз етудi, елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстарды жандандыруды, әлеуметтiк объектiлердi күрделi жөндеу мен құрылысын салуға бағытталған бюджеттiк қаржыны тиiмдi жұмсауды, азық-түлiкке бағалардың өсуiн тежеу үшiн шаралар қолдануды тапсырды.

Құрылған күні: 13.05.2019
Қаралым саны: 612
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус