Бүгін Мәлік Мырзалин облыс орталығындағы жолдарды жөндеу барысымен танысты

Горький-Әуезов көшелерiнiң қиылысында жаңа жол айрымының құрылысы салынуда, ол орталық көшелердiң жүктелiмiн азайту үшiн қажет. Жолдың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар кешенi қолданыстағы жол жабыны ескiруiне, жолдың параметрлерi нормативтiк талаптар мен көшеде жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты және перспективалық қарқынын ескере отырып жүргiзiлуде.

Автокөлiк қозғалысының әр тарабына 3,5 м қосымша жол жолағы қосылды. Инженерлiккоммуникацияларды, су бұру арналарын көшiру және ауыстыру, жаяу жүру бөлiгiн жөндеу, қиылысты бағдаршам объектiлерiмен, қоршаумен жабдықтау бойынша жұмыстар қарқынды жүргiзiлуде. Горького, Әуезов көшелерiнiң реконструкциясыжүру және жаяу жүру бөлiктерiн қиылыстан әр тарапқа 100 метрден жөндеудi көздейдi. Жөндеу жұмыстарына 175,3 млн теңге қаржы бөлiндi. Жұмыстарды аяқтау мерзiмi — ағымдағы жылғы 15 қараша.

Сонымен қатар, облыс орталығында тағы екi: Абай-Горький және Северная-Горький көшелерiнiң қиылыстарында айырымдар құрылысын салу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары алғаш рет М.Габдуллин көшесiнде көпiр құрылысы салынуда, Набережная көшесiндегi және Чайкино кентiндегi көпiрлердi қалпына келтiру жоспарланып отыр.

Қаланың өзге де жерлерiнде жол жұмыстары жоғары қарқынмен жүргiзiлуде. Жеңiс, Сәтпаев, Капцевич, Тәшенов көшелерi жөнделдi. Ағымдағы жылы Мир, Ғабдуллин, Вавилов, Наурызбай батыр көшелерiнде күрделi жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жолдарды тегiстеп жөндеу жалғастырылуда, әрине, көңiл бөлудi қажет ететiн жолдар көп, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғастырлуда.

Сонымен қатар, қала тарихында алғаш рет аула iшi аумақтарын жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Көкшетау қаласының аулалары көптеген жылдардан берi жөнделмегендiктен қиын жағдайда болып, азаматтардың тараптарынан көптеген наразылық тудырып келген. Соңғы екi жылда облыстық бюджеттiң қолдауымен 44 аулада ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi, Көктем, Боровской, Васильковский, Центральный мөлтек аудандарының аулаларында күрделi жөндеу жасалды. Мир-Әуезов-Абай-Тәшенов көшелерi квадратында жұмыстар жалғасуда.

Құрылған күні: 01.09.2018
Қаралым саны: 726
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng