Қадірлі ақмолалық қыз-келіншектер!

Баршыңызды көгiлдiр көктемнiң жарқын мерекесi — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiмен құттықтаймын!

Әлеуметтiк және экономикалық қуатты мемлекет құрудағы сiздердiң қосып жатқан үлестерiңiз орасан зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев талай мәрте атап өткенiндей, елiмiздiң Тәуелсiздiгiн қалыптастырып, нығайтуда қыз-келiнешектерiмiздiң шешушi рөл атқарып отырғаны анық.

Сiздердi адамзат баласының көркем бөлiгi деп тектен текке айтпаған сияқты. Сiздер қажет болған жағдайда жiгерлi де, батыл бола бiлесiздер, бiрақ қандай жағдайда да тартымды және нәзiк қалыптарыңызда қаласыздар. Қайрымдылық пен сұлулықтың бейнесi ретiнде сiздер отбасының бiрлiгi мен тұтастығын сақтап, шаңырақты шаттық пен жылылыққа толтырасыздар. Қазiргi күнi елiмiздiң бүгiнгiсi мен жарқын болашағы көп жағдайда сiздердiң даналықтарыңыз бен жанкештiлiктерiңiзге, болашаққа деген үмiт пен сенiмдерiңiзге байланысты.

Әсiресе, ұлт болашағын тәрбиелеп отырған аналарымызға айтар алғысымыз шексiз. Олар елiмiздiң ертеңгi тiзгiнiн ұстар жас ұрпаққа саналы тәрбие берiп, өмiрдiң ауыртпалықтары мен қиындықтарын жеңуге, адам деген ардақты атты сақтап, ортақ Отанымыздың ардақты азаматы болып қалыптасуына сүбелi үлестерiн қосуда.

Бүгiнгi тамаша мерекелi күнде баршаңызға мықты денсаулық, жүрек жылуы мен отбасы бақытын тiлеймiн! Өмiрлерiңiзде әрдайым қуаныш пен жарқын күндер көп болып, жүректерiңiз көктем күнiндей шуаққа толсын!

Игi тiлекпен:
Мәлiк Мырзалин,
облыс әкiмi.

Құрылған күні: 08.03.2018
Қаралым саны: 3161

Қаз Рус Eng