Ақмола облысы әкімінің Біржан сал ауданына жұмыс сапары

Невское ауылында Мәлiк Мырзалин апатты жағдайдағының орнына салынған жаңа мектепте болды. Мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берiлдi. Мұнда сапалы бiлiм алу үшiн барлық жағдайлар жасалған. Лингафон, мультимедия кабинеттерi, химия және биология зертханалары, спорт залы, ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар, асхана бар.

«КазГер» ЖШС-де өңiр басшысы жаңа жем қоймасымен, мал сою цехымен, егiн орағының барысымен танысты.

Облыс әкiмi 1928 жылы салынған орталық аурухананы аралап, ширек ғасырдан берi бос тұрып аудан ортағының сиқын бұзған екi көп пәтерлi үйлердi реконструкциялау барысымен танысты. Оның бiрi жергiлiктi бюджет есебiнен, екiншiсi жеке кәсiпкердiң қаржысы есебiнен қалпына келтiрiлуде.

Аудан активiнде жұмыс сапарының қорытындысы шығарылды. «Елбасының "Қазақстандықтардың әу-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты iс-қимылға көшудi ұсынамын. Бiз Мемлекет басшысы алға қойған мiндеттердi сөзбен емес iспен шешемiз», — дедi Мәлiк Мырзалин және Бiржан сал ауданының әкiмi мен салалық басқармалардың басшылары жаңа медициналық мекеменiң құрылысын салу бойынша ұсыныс енгiзудi тапсырды. Сондай-ақ келесi жылға дейiн аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң және көппәтерлi тұрғын үйлердiң құрылысын салуды бастау тапсырылды. «Аудан орталығында ұзақ жылдар бойы тұрғын үй құрылысы салынбауы жарамайды. Тәуелсiздiк жылдары Степняк қаласында өткен жылы ғана 21 пәтерлi тұрғын үй пайалануға берiлiптi. Мұнымен тоқтауға болмайды. Қазiр ескi үйлердi реконструкциялау жүргiзiлiп жатқаны жақсы әрине, бiрақ бұл жеткiлiксiз», — дедi облыс әкiмi.

Кеңесте ауыл шаруашылығын дамыту, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау және ауыл шаруашылығына арналған жерлердi тиiмдi пайдалану мәселелерi қарастырылды. Өңiр басшысы бизнес қауымдастығын заңға сәйкес жұмыс iстеуге шақырды. Салық төлемеу және субсидияларды нысаналы мақсатына жұмсамау бойынша қатаң шаралар қолданылатыны ескертiлдi.

Облыс әкiмiнiң айтуынша ауданға көмектесу керек, өйткенi қайтарымы бар. 2017 жылы облыстық бюджеттен ауданды дамытуға 400 млн. теңге, 2018 жылы — 515 млн. теңге бөлiндi. Нысаналы трансферттерден кiрiстердiң үлес салмағы 110% құрады, яғни облыстық бюджетке ауданнан қайтарылуы көп.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдауды ескере отырып бизнес өкiлдерi әлеуметтiк жауапкершiлiк алулары керек. «Өздерiңiз бизнес жүргiзiп отырған өңiрдiң дамуына үлес қосуларыңыз керек. Мысалы, Қорғалжын ауданында бiр топ ауыл тұрғындары заманауи жаңа стадион салып бердi. Ал сiздiң ауданда стадионды арам шөп басқан. Мемлекеттiң көмегiн күтiп отыра берудiң қажетi жоқ. Әркiм өз туған ауылының дамуына үлесiн қосуы керек», — дедi әкiм.

Құрылған күні: 10.10.2018
Қаралым саны: 599
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng