Ақмола облысы әкімінің Ерейментау ауданына жұмыс сапары

Ерейментау ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Новомарковка ауылындағы «Жаңа Береке» ЖШС мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Компанияның басшысы Айдар Нығметовтiң айтуы бойынша, компанияның басты мақсатын өндiрiстiк кластердi — бұзаудан дайын өнiмге дейiн жеткiзу деп қарастырады. «Бiзде репродуктор, мал бордақылау алаңы, екi ет өңдеу зауыты, барлық өнiмдердi саудаға шығаратын дүкендердiң сауда желiсi бар. Мемлекеттiк бағдарламалар мен инвесторлар арқылы экспортқа шығу — бiздiң мiндетiмiз», — дедi ол.

Бүгiнгi таңда шаруа қожалығында 1300 аналық iрi қара мал басы және 300 жылқы бар. Жобалалық қуаттылыққа шығу үшiн мал бордақылау алаңына 3000 төл сатып алуды жалғастыру жоспарлануда. «Зәкiрлiк кооперация» негiзiнде компания ауданның iрi қара мал шаруашылығын асыл тұқымдыландыруға қатысады, оларға Ангус бұқаларын бередi және кейiн төлдерiн сатып алады. Сонымен қатар, «Жан Береке» ЖШС фермерлерге шарттық соманың 30 пайызын алдын-ала төлеудi қамтамасыз етуде.

Облыс әкiмi облыстың үш аймағына — Ерейментау, Аршалы және Целиноград аудандарының мал шаруашылығын дамыту бойынша компанияның қызметiне оң баға бердi. Ермек Маржықпаев Айдар Нығметовке мал етiн терең өңдеумен айналысуды ұсынды.

Одан кейiн өңiр басшысы 400 бас Simmental асыл тұқымды малы бар «Хамзе» шаруа қожалығының сүт-тауарлық фермасында болды. Аталған тұқымның 132 асыл тұқымды төлдемеген мал басы әкелiндi, құрама жем зауытының құрылысы салынып iске қосылды. «Шырша» сауу дәлiзi орнатылды. Бiр сауын сиырдан тәулiгiне 20-25 литр сүт сауылады.

Ақсуат ауылына «Aizet Farms» ЖШС «Агробизнес» бағдарламасы бойынша Австралиядан Aberdeen Angus асыл тұқымды аналық iрi қара малды жеткiзудi бастады. Жуырда 1500 бас алғашқы тобы жеткiзiлдi. Бас директор Мұрат Шәмшiнұровтың айтуынша, мал жолда екi ай болды, iрi қара малды жерсiндiру келген австралиялық мамандардың бақылауында.

Ермек Маржықпаев осы шаруашылық субъектiлерiнiң одан әрi табысты дамуы үшiн барлық мемлекеттiк қолдау жасалатынына, соның iшiнде, оның iшiнде субсидия түрiнде көмек көрсетiлетiнiне сендiрдi.

Ерейментау қаласында облыс әкiмi Ермек Маржықпаев iрi кәсiпорындар — «KazArms» ЖШС мен «811 КИ автожөндеу зауыты» АҚ-да болды. Олардың бiрiншiсi жеке қорғаныс құралдарын өндiрумен айналысады. Бұл дулыға, жилеттер, қалқандар мен панельдер. «Бiзде өндiрiстiң толық айналысы жүргiзiлуде: матаны пiшуден дайын өнiм шығаруға дейiн. Материал пiшiледi және белгiлi бiр тәртiпте қабат-қабатымен реттеледi, одан кейiн автоматты түрде тығыздалады, механикалық өңделедi, қырланады, жинақталады, лазермен таңбаланады және және дайын өнiм автоматты түрде боялады», — дедi директор Руслан Крафт.

Екiншi кәсiпорынның жүк таситын автомашиналарды, шыншыр табанды техникаларды және олардың агрегаттарын күрделi жөндеуi бойынша елiмiздiң құқық қорғау органдарының мемлекеттiк тапсырыстарын орындауда 30 жылдан астам тәжiрибесi бар. Сонымен қатар, автокөлiк құралдарын, соның iшiнде «КамАЗ» маркалы көлiктерiн, өрт сөндiрушi көлiктер мен басқа техникаларды қайта жабдықтау және қызмет көрсету саласында мол тәжiрибе жинақтаған.

Облыс әкiмi отандық тауар өндiрушiлердi қолдау қажеттiгiн атап өттi және кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының бастығы Ербол Оспановқа аталған компаниялармен бiрлесiп өңiраралық ынтымақтастықты дамытуды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкiмi спорттық-сауықтыру кешенiнiң құрылысын салу, №1 орта мектептi күрделi жөндеу және қала жолдарын жөндеу жұмыстарының жүргiзiлуiн қарап өттi. Спорт объектiсi құрылысының болжамды сметалық құны 446,6 млн.теңге құрайды. Мектептi жөндеу жұмыстарына бюджеттен 128,9 млн. теңге бөлiндi. Биылғы жылы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу, реконструкциялау, күтiп ұстау мен жөндеу жұмыстарына 343,8 млн. теңге қарастырылған. Облыс әкiмi жұмысты жоспарланған кесте бойынша және сапалы аяқтауды тапсырды. Ермек Маржықпаев аудан әкiмi Абай Әлжановқа «Биыл Ерейментау ауданын дамытуға қомақты қаржы бөлiндi. Мемлекеттiк қазынадан қаржыландыратын объектiлерде құрылыс жұмыстарының сапасы мен барысын бақылауға қоғамдық белсендiлердi тартып, партиялық бақылау ұйымдастырыңыздар», — дедi.

Құрылған күні: 05.07.2019
Қаралым саны: 185
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус