Ақмола облысы әкімінің Егіндікөл және Астрахан аудандарына жұмыс сапары

Егiндiкөл ауданында Мәлiк Мырзалин ауданның ең iрi салық төлеушiлерiнiң бiрi «АСКОП» ЖШС-нiң егiн жинау жұмыстарының барысымен танысты, олар бүгiнгi таңда 36,7 мың га алқаптан 49,5 мың тонна дәндi дақылдар жинады. Компания Ақмола облысының 5 ауданында орналасқан, жалпы егiстiк алқабы 94,5 мың га құрайды, жыл сайын 22 мың га пар өңдейдi, ол егiстiк алқабының 25% құрайды. Компанияның тобына сыйымдылығы 15 мың тонна және кептiрумен толық қамтамасыз етiлген Макинск элеваторы кiредi.

«АСКОП» ЖШС бас директоры Николай Степаненконың айтуынша, Егiндiкөл ауданында өткен жылдан берi мал шаруашылығын дамытумен белсендi түрде айналасып келедi. Ол үшiн 700 га жайылымды қоршап, 250 бас IҚМ асыл тұқымды сиырларға арналған тиiстi калдер (загондар) жасалған. Сонымен қатар, Башкириядан 55 бас романов қойын жеткiзген, сондай-ақ шошқа өсiрумен де белсендi айналысып жатыр. Биылғы жылы компанияның жоспарында тиiстi мал сою цехы бар және одан әрi өткiзуге арналған ет өңдеу цехын ашу бар.

Облыс әкiмi Егiндiкөл ауданында «Сарымсақты» ЖШС егiн орағы жұмыстарының барысымен танысты, «Урожайное 2015» ЖШС-нiң астық тоғын аралап көрдi. Сонымен қатар, 2017 жылы желтоқсан айында пайдалануға берiлген жаңа екi пәтерлi үйлердi қарап шықты. 5 үйде үш бөлмелi он пәтер орналасқан, олардың бiрiнде көпбалалы отбасы тұрады, қалғандары жатақхана ретiнде берiлген.

Сол күнi Мәлiк Мырзалин Астрахан ауданында егiн орағының барысымен танысты, сондай-ақ, «Шишов Е.И.» ш/х көкөнiс сақтауға арналған қоймасын аралап көрдi. Шаруа қожалығының басшысы Евгений Шишовтың айтуынша биыл 250 ц картоп, 600 ц қызылша, 550-650 ц сәбiз және 800 ц қырық қабат жиналған. Өнiмнiң 60% Астана қаласына жөнелтiледi, қалған 40% оңтүстiкке Алматы, Шымкент қалаларына жөнелтiледi.

Астрахан ауданында жаңа әлеуметтiк маңызды объектiлердiң құрылысы жүргiзiлiп жатқанын айта кетуiмiз керек. Мәлiк Мырзалин 36 пәтерлi тұрғын үйдi, «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенi» құрылыстарын қарап шықты, оларға 220 млн теңге бөлiнген. Жалпы ауданы 2000 квадрат метр ғимаратта спорт зал, фитнесс-центр, тренажер залы, 17*36, тереңдiгi 4 метр бассейн орналасады. Құрылыс ағымдағы жылғы мамырда басталды, жыл аяғына дейiн аяқтау жоспарланып отыр.

Мәлiк Мырзалин әр ауданда актив кеңесiн өткiздi, оларда егiн орағының барысы, бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау және ауыл шаруашылығына арналған жерлердi тиiмдi пайдалану мәселелерi талқыланды.

Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы салық төлемеу және субсидияларды мақсатына сай қолданбау фактiлер бойынша жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты қылмыстық iстер қозғалғанын мәлiмдедi. Облыс әкiмi жиналғандарға бұл мәселелердi шешу үшiн қатаң шаралар қолданылатынын ескерттi.

Егiндiкөл және Астрахан аудандары әкiмдерiнiң, аудандардың мемлекеттiк кiрiстер басқармалары және жер қатынастары бөлiмдерi басшыларының ақпараттарын тыңдап. Облыс әкiмi нақты тапсырмалар бердi.

  

Құрылған күні: 08.10.2018
Қаралым саны: 604
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng