Ақмола облысы әкімінің Бұланды ауданына жұмыс сапары

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болып, жаңа тұрғын үй құрылысы барысымен және бiрқатар кәсiпорындардың жұмысымен танысты.

Өңiр басшысы Макинск қаласында екi тұрғын үй құрылысының барысын қарап шықты. Қазiргi таңда, Лесная көшесiнiң бойында 40 пәтерлi үй, Бөгенбай көшесiнiң бойында 45 пәтерлi үй салынуда. Нысандарды пайдалануға беру ағымдағы жылға жоспарланған. Пәтерлер медицина қызметкерлерi мен кезекте тұрғандарға бөлiнедi. Ермек Маржықпаев аудан әкiмi Талғат Ерсейiтовке құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды күшейтудi тапсырды. Сондай-ақ, көп балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын зерттеп, осы үйлерден мұқтаждарға пәтер бөлу мүмкiндiгiн қарастыру керек екенiн айтты.

Степгеология ықшам ауданының қазандығында облыс әкiмi жылу беру маусымының қорытындылары және келесi маусымға дайындық жөнiнде хабардар болды. Ермек Маржықпаев модульдiк қазандық пен жылу желiлерiнiң құрылыс алаңын тексердi. Бұл ретте, облыс әкiмi инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтiп, салалық басқарма басшыларының алдына құрылысты аяқтау бойынша ұсыныстар енгiзу мiндетiн қойды.

Екi iрi кәсiпорындар — Макинск құс фабрикасы мен "Журавлевка — 1" ЖШС-де нысандарды тексеру қорытындысын шығара отырып, облыс әкiмi келешекте олардың бұдан әрi дамыту мәселелерiн талқылады.

Орталық Азиядағы ең iрi құс фабрикасы әзiрге бiрiншi кезекте iске қосылып, жылына 25 000 тонна құс етiн өндiредi. Қазiргi уақытта жобаның екiншi кезегiн iске асыруға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде және 2021 жылы iске қосылса кәсiпорын сағатына 9000 бройлер шығара алады. Өндiрiс толық қуатқа шыққаннан кейiн фабрика Қазақстанда құс импортының 30% — ын жабады.

Капитоновка ауылдық округiнде орналасқан "Журавлевка — 1" ЖШС шаруашылығы өсiмдiк шаруашылығында астық және майлы дақылдар өндiрiсiнiң жаңа технологияларына көштi. Топырақты ең аз деңгейде өңдеу қолданылады. Сонымен қатар, фермерлер асыл тұқымды мал шаруашылығын белсендi дамытуда. Мұнда қазақтың ақбас тұқымды iрi қара малын өсiрумен айналысады. Бүгiнгi таңда сүттi мал шаруашылығын дамытуға ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болмауы кедергi келтiредi. Облыс әкiмiнiң айтуынша, бұл мәселенi шешу "Ауыл-ел бесiгi" арнайы жобасы аясында қарастырылуда.

Өз кезегiнде халыққа ауыз су жеткiзудi қазiргi уақытта "Журавлевка — 1" ЖШС жүзеге асыруда. Сондай-ақ, осы кәсiпорынның қаржысына Капитоновка ауылының су құбыры желiлерiн реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы Капитоновка орта мектебiне барып, мектеп бiтiрушi сынып оқушыларымен әңгiмелестi. Ғимаратты тексеру нәтижесi бойынша ауданның және бiлiм басқармасының басшылығымен Ермек Маржықпаев шатырды қайта жөндеу мәселелерiн талқылады.

Құрылған күні: 04.05.2019
Қаралым саны: 249
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус