Ақмола облысы әкімінің Аршалы ауданына жұмыс сапары

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң ауданға сапарын Михайловка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерi Георгий Беляевтың үйiнен бастады. Георгий Семенович 2-шi әуе армиясының құрамында авиамеханик лауазымында Воронеж бағытында фашист басқыншыларымен болған соғыстарға, сондай-ақ Манчжурия аумағында жапон милитаристерiне қарсы соғысты. 30 жылдан астам уақыт туған ауылында мектеп директоры болды. Ол — республикалық дәрежедегi жеке зейнеткер, ауылдың құрметтi азаматы, Қазақ КСР құрметтi мұғалiмi. Бүгiн, 95 жастағы ақсақал әлi де болса ширақ, белсендi. Үйiнде бақшалықпен айналысады, Михайловск ауылдық округiнiң соғыс ардагерлерi туралы кiтап жазуда. Облыс әкiмi аудан әкiмi Талғат Мұханбеджановқа кiтапты басып шығару туралы тапсырма бердi.

Аршалы кентiнде өңiр басшысы орталық аудандық ауруханада болды, медициналық персоналмен және пациенттермен әңгiмелестi. «Сiздерде акушерлер жетiспейдi. Бiреуi бар, алайда оған жүктеме көп. Маманды тарту үшiн пәтер мәселесiн шешу қажет», — дедi аудан әкiмiне Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс әкiмi қолда бар жобалау-сметалық құжаттама бойынша ғимарат қасбетiн жөндеуге кiрiсу үшiн, ақша қаражатын бөлу жөнiнде сөз бердi.

Ермек Маржықпаев блокты-модульдi қазандықтың құрылысымен танысты. Жобаның құны — 133 млн.теңге. Оның қуаттылығы 7 Гкал/сағ. құрайды. Шамамен 30 мың шаршы метрдi, сонымен қатар әлеуметтiк объектiлердi, көп қабатты тұрғын үйлердi, жеке сектордың жекеменшiк үйлерiн қосу жоспарлануда. Ол 4 қазандықты өшiруге және тұтастай алғанда аудан орталығының экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi.

Жiбек жолы ауылында облыс әкiмi Иманжүсiп Құтпанұлы атындағы орта мектептi ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрдi, ол үшiн 158,2 млн.теңге қаражат бөлiндi. Ермек Маржықпаев мердiгерлерге және мектеп директорына жөндеудi сапалы жүргiзудi және 15 тамызға дейiн барлық жұмыс түрлерiн аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, аудан басшылығы мен бiлiм басқармасына осы елдi мекенде жаңа мектеп құрылысына кiрiсудi тапсырды.

Өңiр басшысына Жiбек жолы ауылының аумағында iске асырылуы жоспарланған бiрқатар инвестициялық жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, тұйықталған топтама қағидаты бойынша экологиялық таза жолымен жалынсыз газдандыру технологиясын пайдалана отырып, 100% дейiн өңдеу тереңдiгiмен ет өңдеу өндiрiстiк кешенiнiң құрылысы. Сонымен қатар, демалыс аймағын реконструкциялау жоспарлануда.

Ермек Маржықпаев дәрiгерлiк амбулаторияда болып, автомобиль жолының құрылысымен танысты. Ауылда барлығы 35 км жалпы ұзындығымен жол құрылысы жүргiзiлуде. Ол мақсаттарға бюджеттен 2 млрд 535 млн теңге бөлiндi. «Сiздердiң мiндеттерiңiз — жұмыс сапасын қамтамасыз ету және өндiрiстiк кестенi қатаң сақтау», — деп облыс әкiмi жол-құрылыс компаниясының өкiлдерiнен талап еттi.

Жұмыс сапарының соңында Ермек Маржықпаев Есiл өзенiнiң жағалау аймағында жақын орналасқан үйлердi су басудың алдын алу бойынша шешiмнiң жолын мамандармен талқылады, «Ижевск» өндiрiстiк кооперативiнiң алқаптарында аудан диқаншыларымен кездестi.

Құрылған күні: 05.07.2019
Қаралым саны: 214
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус