Ақмола облысы әкімінің Аршалы ауданына жұмыс сапары

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, бiрнеше өндiрiстiк кәсiпорындардың жұмысымен танысты, сондай-ақ аудан активiмен кеңес өткiздi.

Өңiр басшысының жұмыс сапары кестесiндегi алғашқы нысан "Жiбек Жолы Агросервис" ЖШС-нiң қуаты 2,5 мың тонна көкөнiс сақтау қоймасы болды.

ЖШС директоры Бахтияр Серiковтiң айтуынша, жоба Астананың азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында жүзеге асырылды. Қазiргi уақытта көкөнiс қоймасы шамамен 50% толтырылған. Микроклиматты автоматты түрде реттейтiн заманауи бокстар әр түрлi көкөнiстер — картоп, қырыққабат, пияз, сәбiз, қызылша үшiн оңтайлы температураны қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Алдағы уақытта кәсiпкер фермерлердiң өнiмдерiн қысқы сақтауға қабылдап қана қоймай, өз өнiмдерiн өсiрудi жоспарлап отыр.

Елiмiзде белгiлi "Zeta" өндiрiстiк комбинатына кiретiн "Джамиля" ЖШС жиһаз фабрикасы Қазақстанның солтүстiк өңiрлерiн кеңсе, медициналық және бiлiм беру мекемелерiн корпустық жиһазбен, металдан жасалған жиһазбен қамтамасыз етедi. Кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты — жылына 180 мың бұйым шығарады. Ал жақында мұнда қала мен облыс тұрғындары арасында сұранысқа ие қолжетiмдi бағамен сапалы жұмсақ жиһаз шығару жолға қойылды.

Облыс әкiмiне "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкiлдерi жақында iске қосылған Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесiне қызмет көрсететiн жол-пайдалану пунктiн таныстырды. Ол барлық қажеттi жабдықтармен жабдықталған: арнайы техника үшiн жылы бокстар, жөндеу шеберханалары, инженерлiк персоналдың тұруына арналған бөлмелер бар. Келесi жылы Аршалы кентiнде жылыту пунктi бар жол бойындағы сервис iске қосылады, осыған ұқсас нысан Ерейментау ауданында пайдалануға берiлдi. Жол қозғалысына қатысушылар үшiн авариялық жағдайлар болған жағдайда қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн мұнда бәрi бар.

Сапар барысында Мәлiк Мырзалин "ASTANA RESORT" жаңа демалыс аймағында болды, онда мейрамхана мен бес қонақ үй коттеджi кешенi бар, ол экологиялық таза табиғи материалдан — цилиндрлi майқарағайдан салынған.

Жұмыс сапарының соңында Мәлiк Мырзалин аудан активiмен жиналыс өткiзiп, онда Аршалы ауданының әкiмi 11 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Сондай-ақ, 2019 жылы өңiрдi дамыту жөнiндегi жоспарлар туралы салалық облыстық басқарма басшылары өз ойларын айтып бердi. Мұнда жолдар салынып, елдi мекендердiң көше-жол желiлерi жөнделiп, коммуникация желiлерi қайта жаңартылады. Сөз соңында — "Аудандық деңгейде шешiлмейтiн мәселелер бар, бұған назар аудару керек. Бiрақ аудан өте белсендi, кадрлық әлеуетi облыстың басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Облыс сiздерге көмектеседi, алайда сiздер де өз жұмыстарыңызды көрсетулерiңiз керек", — дедi облыс әкiмi.

      

Құрылған күні: 29.12.2018
Қаралым саны: 1535
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng