Ақмола облысы әкімінің Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Көкшетау қаласындағы бiрқатар әлеуметтiк және өндiрiстiк нысандарда болды.

Жұмыс сапары Чайкино кентi мен Красный яр ауылының арасындағы жаңа жаяу жүргiншiлер көпiрiнен басталды. Бұл көпiр 2017 жылы су тасқыны салдарынан зақымданған болатын. ТЖ жөнiндегi комиссияның ұсынысымен өткен жылдың соңында «Эксперт Арсенал» ЖШС енi 3 м ұзындығы 60 м жаңа жаяу жүргiншiлер көпiрiн тұрғызды. Мердiгердiң айтуынша, нысанның үш аралықты плиткалардан тұратын жобалық конструкциясы бар және тұрғындарға, ең аз дегенде, 50 жыл қызмет етедi.

Красный яр ауылының орталығындағы бұрынғы аудандық ауыл шаруашылық басқармасының ғимараты ұзақ уақыт бойы қолданыста болмады. Жуырда күрделi жөндеу аяқталып, аталған ғимаратқа ауылдық әкiмдiк, ХҚКО, полиция пунктi орналасты. Осы уақытқа дейiн бұл мекемелер «Көкше» мәдениет үйiнде орналасқан едi, қазiргi уақытта мәдениет үйiнде балалар мен ересектерге арналған үйiрмелер мен секцияларды көбейту жоспарлануда.

Сол күнi облыс әкiмi ҚТҚ тестiлiк режимде механикалық сұрыптап, монтаждайтын «Көкшетау тазалық» ЖШС полигонында болды, мұнда 60 млн. теңге жеке инвестиция тартылған. Жобаның қуаттылығы — жылына 30 мың тонна. ҚТҚ механикаландырылған сұрыптау аймағы ҚР Экологиялық кодексiнiң талаптарына сай және аталған полигондағы экологиялық жүктеменi төмендетуге бағытталған. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап пластика, картон, макулатура мен шыныларды көмуге тыйым салынған заң күшiне енгенiн ескерiп, «Көкшетау тазалық» ЖШС облыс орталығында қатты тұрмыстық қалықтарды бөлек жинауды қолға алуды жоспарлап отыр.

Келесi нысан — Көкшетау қаласындағы облыс бойынша алғашқы «жасыл экономика» саласындағы тұңғыш жоба. Бұл Красный яр ауылы аумағындағы 5 электрэнергия өндiретiн жел электр станицяларын тұрғызған «Ветер инвест» ЖШС. Қазiргi уақытта мұнаралар, ескек пен қалақ орнатылды. 3,75 МВт электрэнергиясы өндiрiлсе, кәсiпкер электрэнергиясын Ақмола облысының аудандарына жеткiзудi жоспарлап отыр, сонымен қатар Красный яр ауылының сұранысы толығымен қамтамасыз етiлмек, сондай-ақ тариф бағасы да көтерiлмейдi.

2016 жылы Көкшетауда сүт пен iрiмшiк өндiретiн белгiлi қазақстандық сауда маркасы «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС ашылуы салтанатты түрде өткен болатын. Алайда мекеме ашылған сәттен бастап ұзақ уақыт жұмысқа жарамсыз күйде болды, тек 2017 жылдың тамыз айында жұмысын бастады. Жылдың қорытындысы бойынша, зауыт 222 мың тонна дайын өнiм өндiрдi, 2018 жылы өндiрiсiн 1 млн. 125 мың теңгеге арттырған. Өңiр басшысы нысанды аралау кезiнде өнiм жасалатын цехтармен, еңбек жағдайымен және шығарылатын өнiмдермен танысты. Айына 14 400 тонна өнiм өндiрiлетiн мекеменiң толық жүктелуi мәселесi қарастырылды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин кварц құмын тек Қазақстанға емес, алыс-жақын шетелдерге тасымалдайтын «Намыс» ЖШС болды. Құрылыс жұмыстарынан бөлек, серiктестiк көлдердi тазарту бойынша экологиялық жобаларға да қатысады. Қазiргi таңда серiктестiк бетон және темiрбетон конструкцияларын өндiру желiсiн ашып, Көкшетау қаласының индустрияландыру картасына кiрудi жоспарлап отыр.

Құрылған күні: 01.02.2019
Қаралым саны: 1781
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус