Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің «Әкім сағаты» бағдарламасына жолданған сұрақтарға жауабы

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин 2018 жылдың 23 қазанында облыстық «Kokshe» телеарнасының студиясында «Әкiм сағаты» бағдарламасына қатысып, тiкелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берген едi. Тiкелей эфир барысында аймақ тұрғындарынан 50 сұрақ келiп түстi. Оның 22-сi саll-орталыққа, 7-еуi электрондық поштаға жолданса, 21 сұрақ әлеуметтiк желiлер арқылы қойылды. Осы сауалдардың әрбiрiне облыс әкiмi нақты жауап берсе, соларды газетiмiздiң бүгiнгi санында толық жариялап отырмыз.

Сұрақ: Кенже Әлмұқанова: –Қосшы ауылының 20-шағын ауданы электр қуатымен қашан жабдықталады? 2008 жылы алғашқы бағандар қойылды. Алайда, бұл iс соңына дейiн жеткiзiлмедi. Әлде осы уақытқа дейiн жоба дайын емес пе?

ЖАУАП: — Сiздiң тiкелей эфир барысында Қосшы ауылының 20-шағын ауданында электр қуатымен жабдықтау мәселесiне қатысты қойған сауалыңызға мынаны хабарлаймын. Қосшы ауылын электр қуатымен жабдықтау кезең-кезеңiмен жүргiзiледi. Целиноград ауданында осы iстiң бүгiнгi жағдайы туралы мәлiметтер жинақталуда. Ол 20-шағын ауданға да қатысты. Бұл мәлiметтерге техникалық құжаттар, жер телiмiне идентификациялық құжаттар және тағы басқалары кiредi. Мәлiметтер жинақталған соң тиiстi жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Алғашқы жобаға енгiзiлмеген барлық учаскелер 2020-2021 жылдардағы үшiншi жобаға кiретiн болады.

Сұрақ: Айсұлу Оспанова, Целиноград ауданы Қосшы ауылы Лесная поляна шағын ауданының тұрғыны. — Жылу жүйесiне тарифтi неге көтергенiн бiлгiм келедi. Бiр шаршы метрi бұрын 140 теңге болса, қазiр 252 теңге болды.

ЖАУАП: — 2018 жылдың қазанында «Котельная АСИ» ЖШС жылу қуатын өндiру, бөлу, тасымалдау және жабдықтау жөнiнен көрсетiлетiн қызметтiң тарифiн бекiту туралы Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комитетi Ақмола облысы бо-йынша департаментiне өтiнiм жолдады.

2018 жылдың 15 қазанында осы өтiнiм аталған департаменттiң «Төтенше реттеу шарасы ретiнде есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшiн дифференциялды тарифтердi, тарифтiк сметаны және төлем мөлшерiн бекiту туралы №129-ОД бұйрығы негiзiнде бекiтiлiп, жаңа тариф белгiлендi. Ол 2018 жылдың 25 қазанында күшiне ендi. Осы мәселенi мұқият зерттеу үшiн Целиноград аудандық әкiмдiгi «Котельная АСИ» ЖШС-ның жаңа тарифiн қайта қарау жөнiнде «Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комитетi Ақмола облысы бо-йынша департаментiне хат жолданды. Аталған мәселе аудандық әкiмдiктiң бақылауында тұр.

Сұрақ: Гүлзайра Бекпасова, Көкшетау қаласының тұрғыны: — Менiң күйеуiм 2 топтағы мүгедек, бiз 2002 жылдан берi Көкшетау қаласынан пәтер алу кезегiнде тұрмыз. Бiз қашан пәтер алатынымызды бiлгiмiз келедi? Бiздiң 6 баламыз бар, өзiм «Күмiс алқа» иегерiмiн.

ЖАУАП: — Сiздiң ағымдағы жылдың 23 қазанында Ақмола облысы әкiмiмен өткiзiлген тiкелей эфир барысында тұрғын үй алу мәселесiне қатысты сұрағыңызға төмендегiнi хабарлаймыз. Бекпасов Жүзен Қуанышұлы Көкшетау қаласы, Досов көшесi, 154 үйде тұрады, ол «Тұрғындардың әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылғандар» санатының II дәрежелi мүгедек ретiндегi №2 тiзiмiне алынып, 9 кезекте тұр. Бұл азамат үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берiлуiне қарай, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдылығы аясында, өз кезегi бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жергiлiктi атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй бiрiншi кезекте Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен қатысушыларына, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларға берiледi. Бұл ретте, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларға баспана бөлу кезiнде жалпы тұрғын пәтердiң 20 пайыздан кем емес саны қарастырылады. Қолданыстағы тұрғын үй заңдылығына сәйкес, Бекпасов Жүзен Қуанышұлы мемлекеттiк тұрғын үй қоры есебiнен 2019 жылы бас-панамен қамтамасыз етiледi.

Кезектiң қозғалысы тұрғын үй құрылысы мен оны пайдалануға беру, сондай-ақ, кезек иелерi тiзiмiн түгендеу барысына сәйкес жүргiзiледi. Биылғы жылы №2 тiзiм бойынша пәтер алуға мұқтаж азаматтар үшiн коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер бөлу жүргiзiлмедi. 2019 жылы мемлекеттiк тұрғын үй кезегiнде тұрғандар үшiн 8 тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспарлануда.

Сұрақ: Анна Алейникова, Степногорск қаласының тұрғыны:

– Бiздiң қалада темiр жол салына ма?

Жауап: — Степногорск қаласынан Ақсу стансасы арқылы өтетiн «Айсары-Ерейментау» желiсi өтедi. Қосымша темiр жол құрылысын салу жуық арада жоспарланбағанын хабарлаймыз.

Сұрақ: Нина Багайчук, Надежда Полтавцева, Аршалы ауданының Константиновка селосының тұрғындары: –Бiздiң селомыздан Астанаға дейiнгi арақашықтық 100 шақырымды құрайды. Жол, тұрақты автобус қатынасы жоқ. Жолдың күрделi жөндеу жұмыстары қашан басталатынын бiлгiмiз келедi.

Жауап: –«Екатеринбург-Алматы» республикалық трассасынан Түрген және Константиновка арқылы Белоярка селосына дейiнгi автомобиль жолының арақашықтығы 67 шақырымды құрайды. Аталған жол салынғалы жөндеу жұмыстары жүргiзiлмеген. Қазiргi күнi «Екатеринбург-Алматы» республикалық трассасынан Түрген, Константиновка, Белоярка селоларына дейiнгi жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолын күрделi жөндеу туралы жобалық жұмыстарға» 35 миллион теңгенi құрайтын сметалық есеп жасалды. Аудандық бюджетте қазiр бұндай қаржы жоқ. Осыған байланысты жобаны аудандық бюджет арқылы бекiтудiң мүмкiндiгi жоқ. Сондықтан, жақын уақытта жолды күрделi жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сонымен бiрге, бұл мәселе аудандық әкiмдiктiң бақылауында екендiгiн және 2019 жылға облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшiн бюджеттiк тапсырыс берiлетiнiн хабарлаймыз.

Сұрақ: Валентина Примачок, Аршалы ауданы, Константиновка селосының тұрғыны: –Бiздiң селодан Тургеневка селосына дейiнгi автокөлiк жолы қашан жөнделедi?

Жауап: –Екатеринбург-Алматы күре жолының бойындағы Тургеневка және Константиновка селолары арқылы өтетiн аумақтың қашықтығы 67 шақырым. Қаржы тапшылығына байланысты аудандық бюджеттен жол құрылысына ақша бөлу мүмкiн болмай тұр. Осыған орай, облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға тапсырыс дайындалуда.

Сұрақ: Амантай Дәулетбеков, Целиноград ауданы, Қосшы селосының тұрғыны: –Үйiмдi тұрғызып жатырмын, бiрақ, электр жарығы жоқ. Электр желiсiн тарту үшiн бiзден ақша талап етедi. Бұл қаншалықты негiздi? Бiздiңше, электр желiсi мемлекет есебiнен тегiн тартылуы қажет.

Жауап: — Қазiргi күнi сәулет бөлiмi 2020-2021 жылдарға арналған электрмен жабдықтау құрылысын жобалауды жасап жатыр. Биылғы жылы сiздiң үйiңiз электр желiсiне қосылмайды. Осыған орай, пәтер иелерi өз бастамасымен уақытша электр таратқыш орнатуға қажеттi жарна жинауда. Бұндай ақша жинау iсiне аудан әкiмдiгiнiң қатысы жоқ.

Сұрақ: Гүлнәр Iзбасарова, Галина Косова, Бурабай кентi Совет көшесiнiң тұрғындары: –Бiздiң үйiмiздiң жанынан 3 қабатты қонақ үй құрылысы басталды. Бiз құрылысқа қарсымыз. Қонақ үй құрылысына орай жолды жауып, бiздiң бақшамызды қазып тастады, ағаштарды кестi. Үйiмiзге кiре алмаймыз. Бұндай құрылысты салуға кiм рұқсат еттi? Құрылысты қалай тоқтата аламыз?

Жауап: — 2014 жылдың 27 қаңтарында Щучинск қаласының нотариусы О.Бегаль арқылы бекiтiлген сату және сатып алу келiсiм-шартында және Бурабай аудандық әдiлет басқармасында тiркелген жазба бойынша Бурабай кентiндегi Совет көшесi, 18 Б үйдiң жалпы көлемi 0,0800 гектар болатын жер телiмi А.С.Қанжығалинге тиесiлi екендiгi көрсетiлген және құжатта «Ғимараттар мен мекен-жайларды салу және қызмет көрсетуге арналған» деп жазылған. 2014 жылдың 11 ақпанында «Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң №16 шешiмiмен дүкенi бар қонақ үй кешенi құрылысын салуды жобалауға рұқсат берiлген.

Бурабай ауданы Бурабай кентiнiң әкiмiне «Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң осы нысанға қатысты шешiмiнiң қаншалықты заңды екендiгiн анықтау жөнiнде хат жолданып, Ақмола облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына бұл құрылысқа қатысты барлық жайларды анықтау тапсырылды. Қазiргi күнi «Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықтағандай, дүкенi бар қонақ үй кешенiнiң құрылысы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 шiлдесiндегi «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы» Заңының 60 бабында қарастырылған жалпы пайдаланудағы жерге құрылыс салмау жөнiндегi талабын бұзу арқылы жүргiзiлiп отыр. Сондай-ақ, бұл құрылыс Бурабай кентiнiң бас жоспарына сай келмейдi.

Осыған орай, жеке кәсiпкер А.С.Қанжығалинге 2018 жылдың 18 қазанында құзырлы мемлекеттiк органдардың тексерiп, анықтауына дейiн тез арада құрылыс жұмыстарын тоқтату талап етiлiп хабарландырылды. Осы мәселенi талқылау үшiн 18 қазанда Бурабай кентiнiң 18-шi үйiнiң тұрғындарымен (барлығы 15 адам қатысты) жиын өткiзiлдi. Қазiргi уақытта құрылыс жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жоқ.

Сұрақ: Юрий Сухомлинов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

– «Отау Құрылыс» компаниясы үлескер құрылысы бойынша өзiнiң мiндеттемесiн орындамады. Яғни, үйдi мерзiмiнде тапсырмады. Бұл мәселенi шешуге кiм және қашан көмектеседi?

Жауап: –Көкшетау қаласының әкiмдiгi: Құрметтi Юрий Валерьевич! Сiздiң сұрағыңызға байланысты айтарымыз. Тұрғын үй кешенiн уақытылы тапсырылмауына кәрiз жүйесiнiң тартылмауы себеп болып отыр. «Отау Құрылыс» ЖШС компаниясы 2016 жылдың 1 қарашасында «2А» және «3А» блоктары бойынша дайындау, жердегi жұмыстар, темiрбетон қазығын қағу, қазықты кесу, қазық алаңын тазалау, қиыршық тас және құм төсеу, бетон және пенополистиролмен жабу, қаңқасын орнату сияқты жұмыстарды аяқтады. Iргетастағы қабырға блоктарын монтаждау тәрiздi жұмыстар орындалып, алтыншы қабатқа дейiнгi қабырғалар тұрғызылды.

2017 жылдың 15 қыркүйегiнде мердiгер компания «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ-мен келiсе отырып, нысанды тапсыру мерзiмi анықталғанша құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты. Оған себеп кәрiз жүйесiнiң жоқтығы.

2018 жылдың 23 ақпанында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшiн мердiгердi қаржыландырудан бас тартты. Оған себеп кәрiз жүйесiнiң жоқтығы.

2018 жылдың 27 тамызында тұрғын үй кешенiнiң құрылысын аяқтау үшiн «TengriBank» АҚ несиелiк желi ашу туралы келiсiмге қол қойылды. Қазiргi кезде жеткiзiп берушi мен мердiгерге несиелiк қарыз өтелуде. Құрылыс материалдардың ақысы өтелдi. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 2018 жылдың 1-шi қарашасынан бастап жандана түстi.

Құрылыс алаңы тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзiрлендi және телефондандыру желiсiнiң құрылысы (биылғы жылдың 4 қазанында 48,5 миллион теңге), электрмен жабдықтау 0,4 кВ (биылғы жылдың 4 қазанында 20,7 миллион теңге), электрмен жабдықтау 10 кВ (биылғы жылдың 9 қыркүйегi, 179,2 миллион теңге) үшiн мемлекеттiк сараптама қорытындысы жасалды.

Қазiргi кезде сусорғыш стансасы және кәрiз жүйесiнiң құрылысы бойынша жоба кешендi ведомстводан тыс сараптамада қаралып жатыр. Кәрiз жүйесiнiң құрылысы келер жылы қаржыландырылатын болады. 2019 жылдың соңында тұрғын үй кешенiн пайдалануға беру жоспарланған.

Сұрақ: Анель Әбiлмәжiнова, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Бiз Әуезов пен Темiрбеков көшелерiндегi «Отау Сити» тұрғын-үй коммуналдық кешенiнiң үлескерлерiмiз, мiне, бiз 2 жыл бойы үйдiң тапсырылуын немесе ақшамыздың қайтарылуын күтiп жүрмiз. Бұл мәселенi шешу үшiн қандай шаралар қолданылады?

Жауап: — Сiздiң сұрағыңыз осы жылдың 23 қазанында Ақмола облысының әкiмiне тiкелей эфир барысында қойылғанын, әзiрлеушi өз мiндеттерiн орындамағаны туралы хабарлаймыз.

Кешендi уақытында тапсырмай кешiктiрудiң себебi — кәрiз желiлерiнiң болмауы. 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «ОтауҚұрылыс» ЖШС әзiрлеушiсiнiң «2А», «3А» блоктарында орындалған жұмыстар: дайындық жұмыстары, жер жұмыстары, темiрбетонды блоктар жүргiзу, бұрыш бастарын кесу, шұңқырларды тазалау, бетон және ПСБ жабынына арналған қондырғы жұмыстарын аяқтау, торлы қондырғыларды және пiшiндердi орнату, бетон қабылдау. ФБС монтаж орнату. Алтыншы қабатқа қабырғалар мен бөлiмдер салу.

2017 жылғы 15 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ-мен келiсiм бойынша құрылыс салушылар құрылыс-монтаж жұмыстарын нысан мерзiмiн өзгерту мәселелерiн шешуге байланысты тоқтатты. Оның негiзгi себебi — кәрiз желiлерiнiң болмауы.

2018 жылғы 28 ақпанда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ құрылыс салушыларға құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшiн бiрлесiп қаржыландыруға тыйым салынды. Мұнда да себеп кәрiз желiлерiнiң болмауынан.

2018 жылы 27 тамызда «TengriBank» АҚ-мен тұрғын үй кешенiнiң құрылысын аяқтау үшiн несие желiсiн ашу туралы келiсiмге қол қойылды. Қазiргi уақытта жеткiзушiлер мен мердiгерлерге берешек өтелуде. Құрылыс материалдарына ақы төлендi. Участок толық құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылдың 1 қарашасынан бастайды.

Құрылыс басқармасымен жобалық-сметалық құжаттама әзiрленiп, телефон желiлерiн салу бойынша мемлекеттiк сараптамалық қорытындылар алынды (ағымдағы жылдың 4 қазанында 14,1 миллион теңге), жылу беру (ағымдағы жылдың 4 қазанында 48,5 миллион теңге), 0,4 кВ электрмен жабдықтау (ағымдағы жылдың 4 қазанында 20,7 миллион теңге), 10 кВ электрмен жабдықтау (ағымдағы жылдың 9 қыркүйегiнде 179, 2 миллион теңге).

Қазiргi уақытта сорғы стансасын және кәрiз желiлерiн салу жобалары жан-жақты кешендi сараптаманы қажет етуде. Ал, келесi жылы кәрiз желiлерiн салу үшiн қаражат бөлiнедi. 2019 жылдың соңына қарай тұрғын үй кешенi пайдалануға берiледi.

Сұрақ: Шаймұрат Қабдырахман, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Қарттар айлығына орай қашан жәрмеңке ұйымдастырылады және тауар сапасы қандай болады?

Жауап: –2018 жылғы 10 қарашада Көкшетау қаласының, сондай-ақ, жақын аудандардың өнiм өндiрушiлерiнiң қатысуымен өтетiн қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi болатынын хабарлаймыз. Бiрақ, бұл жәрмеңке Қарттар айлығына орайластырылмаған.

Сұрақ: Айман Қозыбаева, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Бiз «Жайлау» шағын ауданында жаяу жүргiншi жолын немесе «полицей» кедергi белгiсiн орнатуды қалаймыз.

Жауап: –2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi жергiлiктi полиция қызметiмен бiрлесiп, «Жайлау» шағын ауданында «полицей» кедергi белгiсiн орнатады.

Сұрақ: Сайран Құрманғалиева, Көкшетау қаласының тұрғыны: — «Көктем» шағын ауданында сауда үйi салынғанын қалаймыз. Сондай-ақ, бiздiң музыкалық мектепке баратын балаларымыз Бiржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжiнiң ғимаратында оқиды. Қашан бiздiң қаламызда музыкалық мектеп өз алдына жеке ғимаратқа орналасатын болады?

Жауап: –Бүгiнгi күнi «Көктем» шағын ауданында тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында орналасқан 6 дүкен бар. Бар-жоғы 300-500 метр қашықтықта азық-түлiк өнiмдерiн және өнеркәсiп тауарларын сататын «Стелла», «Сырымбет», «Жандос» дүкендерi, «Союз» супермаркетi жұмыс iстейдi. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Көктем» шағын ауданында сауда үйiн салуға аса мұқтаждық жоқ деп есептеймiз.

Шыны керек, музыка мектебi Бiржан сал атындағы музыкалық колледжiнiң ғимаратында орналасқан. Бiрақ, бұның бiр басымдығы бар, мектепте оқып жүрген бiздiң дарынды балалар бiлiмiн кейiн колледжде ойдағыдай жалғастыра алады. Сонымен бiрге, балалар музыкалық мектебiнде 500-ден аса бала оқиды. Қазiргi таңда музыкалық мектептi орналастыратын бос ғимарат жоқ. Дегенмен, осы мәселе бiздiң жiтi бақылауымызда тұр.

Сұрақ: Асқар Ерғали, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының тұрғыны: –Бiзде басты мәселе жол мәселесi. Қаратал-Еркiншiлiк бағытындағы облыстық автожолдың жағдайы тым нашар. Жол жөндеу жұмыстарына қыруар ақша бөлiнген, дегенмен, жөндеу жұмыстары жүргiзiлмеген. Құзырлы органдар неге қадағаламайды? Осы аталған мәселе бойынша жол басқармасына нақты тапсырмалар берiп, жолды қалыпты жағдайға келтiрудi сұраймын.

Жауап: –Ағымдағы жылдың жаз айында «КазСтройСервисНС» мердiгерлiк ұйымымен Павловка-Қаратал автожолында ұзындығы 42 шақырым болатын жаңа материал қоспасы бар шұңқырларды жабу жұмыстары жүргiзiлдi. Алайда, ауа райының жиi қолайсыз болуына байланысты жолдың сапасы сәл нашар күйге ұшырады. Сол себептi, мердiгермен өз қаражатына қайтадан шұңқырларды жабу жұмыстары жоспарланып отыр.

Сұрақ: Күлпан Жансейiтова, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Застанционный кентiнде үйлер су астында қалды. Су басқан үйлердiң тұрғындарын қандай тағдыр күтiп тұр?

Жауап: –Көкшетау қаласының әкiмдiгi жер асты суларын сору бойынша жұмыс жүргiздi, зардап шеккендерге уақытша тұрғын үй берiлдi, сонымен қатар, тексеру актiсiне сәйкес зардап шеккен отбасыларға шұғыл жағдай санаты бойынша 72 мың теңге көлемiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлдi. Су басқан үйлердi зерттеу нәтижесiнде төтенше жағдайлар департаментi тұрғын үйдi одан әрi тұру үшiн жарамды деп таныды. Жағдайды қайта болдырмау үшiн кенттiң тұрғын үйлерiн су басуға жол бермеу бойынша шаралар жүргiзiлдi.

Сұрақ: Серiк Тостыбаев, Бұланды ауданы Макинск қаласының тұрғыны: –Құс фабрикасына жұмысқа орналаса алмай жүрмiн. Елу жастамын. Бұл мәселе бойынша кiмге жүгiнерiмдi бiлмеймiн.

Жауап: –2018 жылдың тамыз айында сiз Бұланды ауданындағы жұмыспен қамту орталығына барып, «Макинск құс фабрикасы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш бiлдiрген екенсiз. Сол уақытта «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өтiнiмiмен жұмыспен қамту орталығы «Жүк тиегiш жүргiзушiсi» мамандығы бойынша қысқа мерзiмдi оқуға адамдарды қабылдады. Бiрақ, әңгiмелесу нәтижесiнде сiздiң кандидатураңызды кәсiпорын басшылығы осы лауазымға мақұлдамады. Мұның орнына сiзге «Маген» күзет агенттiгi ЖШС-iне күзетшi қызметi ұсынылды. Алайда, сiз бұл жұмыстан бас тарттыңыз. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы Бұланды ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына құзыретi шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша тапсырмалар бердi (жұмыссыз ретiнде тiркеу, қысқа мерзiмдi оқыту мүмкiндiгiн қарастыру, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру). Сiздiң жұмысқа орналасу мәселеңiз бақылауға алынды.

Сұрақ: Б.Қанапия, К.Балтабекова, Көкшетау қаласындағы «Бiрлiк» шағын ауданының тұрғындары: –Бiздiң «Бiрлiк» шағын ауданында жылуды дұрыс бермей жатыр. Үй салқын. Бұл мәселенi қалай шешуге болады?

Жауап: –Температура кестесi нормаларға сәйкес келедi, аптаның iшiнде жылу инспекциясы аталған мекен-жайлар бойынша қосымша тексеру жүргiзетiн болады.

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК үстiмiздегi жылғы 29 қазанда «Бiрлiк» шағын ауданындағы Тихая көшесiнiң 15 және Ботаническая көшесiнiң 30 тұрғын үйлерiн тексердi. Тексеру барысында тұрғын үйде 23 градус жылылық анықталды, жылыту аспаптары толықтай жылу беруде.

Сұрақ: Мұхаммед Шәмшеддин, Ерейментау ауданы Бестоғай ауылының тұрғыны: –1) Ерейментау-Сiлетi бағытындағы жол өте нашар. Жалпы, аудан бойынша жол жөндеу жұмыстары қашан жүргiзiлмекшi? Оған қоса, Байсары ауылында интернет жоқ. Мен мал шаруашылығымен айналысуға несиеге өтiнiш бергенмiн. Үкiметтен субсидия берiлетiндiгi жайлы көп естiдiм. Бiрақ, әлi әкiмдiк тарапынан ешқандай жауап алған жоқпын. Бұл мәселенi қалай шешуге болады және қашан шешiледi? 2) Жас мамандарға үй алу мүмкiндiгi жоқ. Ауданнан үй алу үшiн ақша бөлiнбейдi. «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы не үшiн әзiрленген?

3) Кеңшарды таратқан кезде пай үлесiн ала алмай қалдым. Мекемелер жекеменшiкке өтiп кеткен. Бұған кiм жауапты?

Жауап: 1) Ерейментау-Сiлетi республикалық автожолы «Қазавтожол» ҰК» АҚ-ына қарайды. Бұл жолды ДЭУ-7 қадағалайды. Жөндеу жұмыстары жыл са-йын жүргiзiледi, бiрақ, автожолға күрделi жөндеу қажет.

2) Сiз аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiне телефон соққан екенсiз. Мал шаруашылығын несиелеу және субсидиялау туралы сұрағыңызға орай, ауыл шаруашылығы саласы бойынша қандай несиелер берiлетiндiгi, осыған қатысты бағдарламалар және қаржы институттары туралы түсiнiктеме берiлген. Ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы да хабардар етiлiпсiз, сондай-ақ, несие алуға өтiнiм беру үшiн жеке кәсiпкер ретiнде тiркелуiңiз керектiгi айтылыпты.

3) Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарын тарату және қайта құру барысында қолданыста болған, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №2717 Жарлығының (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы №153 Заңымен күшi жойылды) 79-бабына сәйкес таратылатын немесе қайта құрылатын ұжымшарлардың мүшелерi, мемлекеттiк ауыл шаруашылық ұйымдарынан мемлекеттiк емес болып қайта құрылатын ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени салаларында iстейтiн әрi олардың аумағында тұратын зейнеткерлер мен басқа да адамдардың заңға сәйкес шартты жер үлесiне құқығы бар.

Жер (шартты жер) үлесiн иеленушiлердiң:

1) жер үлесiне құқығын жарна ретiнде шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорына немесе қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың жерiнде құрылатын өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде беруге;

2) шаруа (фермер) қожалығын немесе ауыл шаруашылық өндiрiсiне байланысты басқа да кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру үшiн жеке жер үлесiне сәйкес жер учаскесiн алуға;

3) осы ауыл шаруашылық ұйымы мүшелерiне өзге де тең жағдайларда олардың аталған үлестi сатып алуға басым құқығын сақтай отырып, жер үлесiне құқықты сыйға тартуға немесе сатуға құқығы бар;

4) жер (шартты жер) үлесiне деген құқықты жалға немесе кепiлге беру.

Ұйымдарды қайта ұйымдастыру немесе тарату нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты пайдалану үшiн тегiн берiлетiн жер үлесi мен жер учаскелерiнiң мөлшерiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

«Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 тамыздағы № 1232 (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы

9 ақпандағы №124 қаулысымен күшi жойылды) қаулысына сәйкес таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кеңшарлардың мүшелерi, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ, зейнеткерлер мен осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени салаларындағы қызмет көрсетумен айналысатын және олардың аумақтарында тұратын адамдар заңдарға сәйкес белгiлi бiр шартты жер үлесiне құқығы бар.

Гектардағы жер үлесiнiң мөлшерi ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдаланылымындағы ауыл шаруашылығы жерлерiнiң жалпы алаңының шартты жер үлесiне құқығы бар адамдардың санына бөлу жолымен есептеледi.

«Жер туралы» Жарлығының (күшi жойылған) 77-бабына сәйкес ұжымшарлардың мүшелерi немесе мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн арнайы жер қорынан және қосалқы жерден жер учаскесi бөлiнедi.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1-бабында белгiленген тәртiппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс негiзiнде жүзеге асырылады.

Сұрақ: Мұрат қажы Ыдырысұлы, Көкшетау қаласының тұрғыны: — Мәлiк Кеңесбайұлына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының ұйымдастырылуына қолдау көрсеткенi үшiн алғысымды бiлдiремiн. Ал, ендi менi мазалап отырған сұрақ, БАҚ өкiлдерiне және өңiрiмiздiң ақын-жазушыларына арнап медиа орталығын салу жоспарда бар ма?

Жауап: –Бүгiнгi күнде мұндай әзiрленген жоба жоқ. Бекiтiлген егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына сәйкес ақын-жазушылар мен шығармашылық адамдарының кездесулерi үшiн жайлар (медиа орталықтар) қарастырылған. «Рухани жаңғыру» нысанының құрылысы да жоспарда қарастырылған.

Сұрақ: Қанат Қожақов, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Футзал бойынша Ақмола облысының командаларын дамытудың келешегi қандай?

Жауап: –2017 жылы «Оқжетпес» шағын футбол командасы құрылды. Команданың негiзiн Көкшетау футбол федерациясы (KOFF) және футбол әуесқойларының лигасы өткiзген чемпионат бағыты бойынша футзалдан қала чемпионатында өзiн көрсеткен ойыншылар құрады. Футзал командасының барлық ойыншылары футзалдан Ақмола облысының қалалық және аудандық чемпионаттарының қатысушылары болып табылады. Команда құрамына Көкшетау мен Степногорск қалаларының және Жақсы, Ақкөл, Егiндiкөл аудандарының өкiлдерi кiрдi.

Команданың бас жаттықтырушысы болып Қазақстан, Ресей және Украина футбол клубтарында үлкен тәжiрибе жинақтаған Олег Самойлов тағайындалды. «Оқжетпес» шағын футбол командасы 2017-2018 жылдар маусымындағы ойын қорытындысы бойынша бесiншi орын алды. Бұл Қазақстан футзалының жоғары дивизионында бiрiншi жыл ойнаған команда үшiн мақтаныш. 2018 жылдың маусымын команда Бурабай ауданындағы жаттығудан бастады. Дайындық жұмысын ойдағыдай өткiзiп, 2018 жылдың 15 қазанында футзалдан ел кубогының iрiктеу кезеңiне қатысты. Кезең қорытындысы бойынша 12 команданың арасынан ел кубогын сарапқа салатын 6 команда анықталды. Олар: «Қайрат» Алматы қаласы, «Ақтөбе» Ақтөбе қаласы, «Аят» Рудный қаласы, «Жетiсу» Талдықорған қаласы, «Динамо» Петропавл қаласы, «Оқжетпес» Көкшетау қаласы.

«Оқжетпес» шағын футбол командасының құрамы жаңа маусымда Дмитрий Дверныймен («Аят» ШФК, Рудный қаласы), Михаил Першинмен («Қайрат» ШФК, Алматы қаласы), Павел Такумен («Ақтөбе» ШФК, Ақтөбе қаласы) нығайтылды. Бұл 2018-2019 жылғы жаңа маусымда бiрiншiлiк медальдарын сарапқа салуға бiздiң команда да қатысады деп үмiттенуге мүмкiндiк бередi.

Сұрақ: Мақпал Айбабина, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Көкшетау қаласындағы «Бейбiтшiлiк» шағын ауданында жол салу жоспарда бар ма?

Жауап: –Қазiргi уақытта Бейбiтшiлiк шағын ауданындағы (Уәлиханов көшесiнен кiреберiсi, Уокешо, Балуан Шолақ, Құрманғазы, Дмитриев көшелерiнiң бұрылысы, шамамен жөндеудiң жалпы ұзындығы — 2 шақырым) жолдардың орталық учаскелерiнiң құрылысы үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жобаны әзiрлеген соң және ТҮКШ бөлiмi мемлекеттiк сараптаманы бекiткеннен кейiн құрылыс-монтаж жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Сұрақ: Күлайым Айтқожина, Көкшетау қаласының тұрғыны:

–Краснояр бағытындағы жол бойында мектеп құрылысы басталды. Осы құрылыс қашан аяқталады және балаларымыз жаңа мектеп табалдырығын қашан аттайды?

Жауап: –Мектеп құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылға жоспарланған. Бiрақ, нақты мерзiмi жобаны түзетiп, өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн белгiлi болады.

2016 жылы Краснояр тас жолы бойында жалпы құны 977,997 миллион теңгенiң оқыту-тәрбиелеу кешенiнiң құрылысы басталды. 2017 жылы техникалық жерасты жабынын орнату бойынша, тiреуiш қабырғаның монтажы, КТПГ-ны монтаждау, қоршау орнату, кәрiздiң сыртқы желiлерiн орнату, септикке арналған шұңқырлар қазу бойынша жұмыстар аяқталды.

2018 жылы iргетасы отыруына байланысты ленталық iргетасты свайлық iргетасқа ауыстыру туралы шешiм қабылданды. Ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты жобаны түзету жұмыстарына сәйкес жоспарланған қорытындыны алу мерзiмi — 2018 жылдың желтоқсан айы. Мұнымен бiрге нысанның жанындағы стадионның тiк жоспарлау қондырғысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Құрылған күні: 08.11.2018
Қаралым саны: 253
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng