Ақмола облысында Аналар кеңестерінің форумы өткізілді

Бүгiн Халықаралық отбасы күнiне орайластырылған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңестерi форумында дәстүрлi отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту мәселелерi талқыланды.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Мемлекет отбасы институтына, оны жан-жақты қолдап, нығайтып, дамытуға көп көңiл бөлiп отырғанына тоқталды. «Берiк отбасылық байланыстар арқылы бiздiң халқымыздың ең үздiк рухани-адамгершiлiк құндылықтары — төзiмдiлiк, еңбексүйгiштiк, үлкенге құрмет көрсете бiлу ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келедi. Отбасында негiзгi адамгершiлiк қасиеттер сiңiрiлiп, азаматтың ақыл-ойы қалыптасады», — дедi облыс әкiмi.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысында 14 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» әлеуметтiк шараларын жүзеге асыру шеңберiнде өңiрде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмекпен 4 мыңнан аса отбасы қамтылды. Атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылар саны 18 есе өстi, тиiсiнше төлемдер соммасы да айына 37,3 млн. теңгеден 335,4 млн. теңгеге дейiн өстi.

«Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан екi жылда 8350 отбасының тұрғын үй мәселесi шешiлдi. Қазiргi уақытта 20 жалға берiлетiн және 12 кредиттiк үйлердiң құрылысы салынуда. Бұл кезекте тұрғандарға, көпбалалы отбасыларға және халықтың басқа да осал топтарына арналған 1270 пәтер. Бизнес-қауымдастығы да шетте қалып отырған жоқ, тұрғын үйге мұқтаж 40 отбасына баспана сатып әперуге дайын.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесiнiң бастамасы бойынша мектептер мен жоғары оқу орындарында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жобалар жүзеге асырылуда. 60 клуб жұмыс iстейдi, оларда жеке адамды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткiзiлiп тұрады, үй шаруашылығын жүргiзу, қол өнер iсi, этномәдени салт-дәстүрге құрметпен қарау үйретiледi. «Қыздар клубтарын ашудың негiзгi мақсаты — болашақ аналарды жақсы үй иесi, аяулы жар болуға, балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйрету», — дедi Аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Қиықова.

Кәмелетке толмағандар iстерi бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрайымы Айсұлу Жұматова өз кезегiнде өңiрде «Отбасылық сот» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, аудандық аналар кеңестерiнiң төрайымдары, оқу орындарындағы қыздар клубтарының өкiлдерi отбасылық қатынастарды сауықтыру бойынша жұмыс тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Форумның соңында Аналар кеңестерiнiң белсендi мүшелерi салтанатты түрде марапатталды.

   

Құрылған күні: 15.05.2019
Қаралым саны: 206
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус