Үлескерлер мәселесі ведомствоаралық комиссиясында қаралды

Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен өткен жиында Көкшетау қаласы бойынша үлескерлердiң мәселелерi қаралды. Отырыс барысында «КанСам» ЖШС «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» ҚР Заңын бұзғаны туралы мемлекеттiк сəулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Мұқанов, Ақмола облысы бойынша IIД Тергеу басқармасының тергеушiсi Айбек Қалиқұлов, Көкшетау қаласы прокурорының орынбасары Талғат Оспанов жəне Көкшетау қаласы əкiмiнiң орынбасары Иван Юрченконың баяндамалары тыңдалды.

Осы орайда, аймақ басшысының орынбасары Василий Крылов қала әкiмдiгiнiң жаңадан салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргiзудегi жұмыстарын сынға алып, соттық-құрылыс сараптама жұмыстарын жүргiзу үшiн қаржы табуды тапсырды.

«Бiз бұл проблеманы соңына дейiн шешу үшiн құқық қорғау органдарымен бiрлесе отырып, шешу алгоритмiн таңдауымыз керек. Ведомствоаралық комиссиясы жұмысы одан жалғаса бередi»,- деп қорытындылады Василий Крылов.

Еске сала кетейiк, 2015 жылдың басында мердiгер «Кан-Сам» ЖШС мен қала тұрғындары арасында Сəтпаев көшесiнiң бойында салынып жатқан 18 пəтерлi тұрғын үйден пəтер сатып алу туралы жазбаша келiсiмшарт жасалған болатын. Сол кезде мердiгер үлескерлерге 2015 жылдың соңына дейiн құрылыс жұмыстарын аяқтайтынын айтып сендiрген болатын. Осыған орай, үлескерлердiң басым бөлiгi 100 пайыз ақшаларын алдын ала төледi.

Алайда, ЖШС келiсiмшарттағы мерзiмi бұзып, нысан осы күнге дейiн пайдалануға берiлген жоқ. Кейiн белгiлi болғандай тұрғын үйдiң құрылысы мемлекеттiк сəулет-құрылыс бақылаудың рұқсатынсыз өзге адамның меншiгiндегi жер телiмiнде жобалық-сметалық құжаттарынсыз жүргiзiлген. Оған қоса, мердiгердiң ақшасы төленген пəтерлердi өзге адамдарға қайта сатқаны анықталды. Нəтижесiнде 15 пəтерге (3 пəтер жер телiмiнiң иесiне берiлуi тиiс) 22 отбасы үмiткер болып отыр. Қазiргi кезде, бiрқатар үлескерлердiң қолдарында төлеген ақшаларын қайтарып алуы туралы сот шешiмi де бар. Бiрақ та мердiгер соттың бұл шешiмiн орындауға асығар емес.

Құрылған күні: 04.01.2018
Қаралым саны: 3292

Қаз Рус Eng