ҚР Президенті қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тiлi әлiпбиiнiң 2025 жылға дейiн латын графикасына кезең-кезеңiмен көшуi туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметi хабарлайды.

Қазақ тiлi әлiпбиiнiң кириллицадан латын графикасына көшiрiлуiн қамтамасыз ету мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған латын графикасына негiзделген қазақ тiлi әлiпбиi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына көшiру жөнiндегi ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тiлi әлiпбиiнiң 2025 жылға дейiн латын графикасына кезең-кезеңiмен көшуiн қамтамасыз етсiн;

осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де, соның iшiнде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сілтеме

Құрылған күні: 27.10.2017
Қаралым саны: 1995

Қаз Рус Eng