Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдылықта

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын арттыруға бағытталған алты нақты мiндеттi белгiледi, соның бiрi сыбай жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өңiрдегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында мемлекеттiк органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов ақпарат бердi. «Бүгiнгi таңда Елбасының жолдауы халықтың арасында кең қолдау тауып отыр. Бiздiң мiндетiмiз  — берiлген тапсырмаларды жақын перспективада жүзеге асыру. Ортақ болашақты достықта, бiрлiк пен татулықта құру қажеттiгiн түсiнетiн кез келдi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда қоғамның кеңiнен қолдауы бiзге оң нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi», — дедi ол.

Бизнес пен инвесторларды мемлекеттiк органдар тарапынан жасалатын заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында, «Инвесторларды коррупцияға қарсы жетелеу» жобасын жүзеге асыру шеңберiнде Ақмола облысында жобалық офис жұмыс iстейдi, соның алаңында 6 жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетелеу туралы келiсiмдерге қол қойылды. Сонымен қатар, әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау да сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады.

Департамент басшысы өз сөзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыруға баса назар аударды. Қазiргi таңда қызметтi алушы мен қызметтi берушiнiң арасында тiкелей байланыстың жоқтығы, қызметтердi ХҚКО арқылы және электрондық түрде көрсету тұрмыстық жемқорлықты бiрнеше есе азайтты. Мысалы, жыл сайын өткiзiлетiн қоғамдық мониторинг нәтижесi бойынша Ақмола облысы көшбасшылар қатарында. Қызметтердi электрондық нысанға көшiру бойынша көрсеткiш 82,7% жеттi.

Кездесу барысында Сыбай жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Қуаныш Бекбасов сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшiн жауапқа тартылғандар туралы нақты мысалдар келтiре отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары туралы баяндады.

Агенттiк жүзеге асырып жатқан «Астана — адалдық алаңы» жобасының нәтижелерi тыңдалды, оның негiзгi мақсаты кедергiсiз орта құру және тұрмыстық жемқорлықты жою болып табылады.

Өңiр басшысы кеңестiң қорытындысы бойынша аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық шараларды қолдануды тапсырды. Мәлiк Мырзалин мемлекеттiк қызметтердi 100% электрондық нысанда көрсету қажеттiлiгiне, сонымен қатар, бос әкiмшiлiк лауазымдарға конкурс өткiзу кезiнде меритократия қағидатын сақтауға баса назар аударды. Сондай-ақ, мемлекеттiк органдардың басшыларына Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Ақмола облысы бойынша департаментiмен бiрлесе отырып «Сыбай жемқорлықсыз өңiр» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

 

Құрылған күні: 08.10.2018
Қаралым саны: 525
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng