Бақытжан Сағынтаев «Алтын сапа» сыйлығын табыстады

АСТАНА.ҚазАқпарат — Бүгiн ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. Биыл үздiк кәсiпорын атағы үшiн шағын, орта және iрi бизнестiң 182 үмiткер сайысқа түстi. Лауреаттар «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызмет көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымдары бойынша анықталды. Нәтижесiнде Үкiмет басшысы iрi кәсiпкерлiк субъектiлерден «СемАз» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), орта кәсiпкерлiк субъектiлерден «ALUGAL» ЖШС (Алматы облысы), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерден «Орал сауда-өнеркәсiп компаниясы» ЖШС-ын (Батыс Қазақстан облысы) марапаттады. Сондай-ақ «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымында iрi кәсiпкерлiк субъектiлерден «Радуга» ЖШС (Солтүстiк Қазақстан облысы), орта кәсiпкерлiк субъектiлерден «Бал Текстиль» ЖШС (Түркiстан облысы), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерден «Novacom Technology» ЖШС (Жамбыл облысы) жеңiске жеттi. «Қызмет көрсететiн үздiк кәсiпорын» аталымында iрi кәсiпкерлiк субъектiлерден «МЫРЗА-ХАН» ЖШС (Астана), орта кәсiпкерлiк субъектiлерден «Темiржол көлiгiндегi қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС (Астана), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерден «БиКаДа» ЖШС (Маңғыстау облысы) жеңiмпаз деп танылды. «Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымында iрi кәсiпкерлiк субъектiлерден «Рыбпром» ЖШС (Алматы облысы), орта кәсiпкерлiк субъектiлерден «Бижан» ет өңдеу кешенi» ЖШС (Алматы қ.), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерден «Гормолзавод» ЖШС (Ақмола облысы) үздiк шықты.

       

Құрылған күні: 11.12.2018
Қаралым саны: 652
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng