Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев:«Біздің басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуiмен Парламент Сенатының бюро отырысы өттi. Бюро жұмысын ашқан Сенат Төрағасы Төртiншi өнеркәсiптiк революция қарсаңындағы мүлдем жаңа жағдайда елiмiздi одан әрi дамытуда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiн атап өттi. Елбасы Жолдауы мемлекетiмiздiң жаңа әлемге бейiмделуiне қатысты аса өзектi сауалдарға толықтай жауап бередi, — дедi Қ.Тоқаев. «Президент ықтимал сын-қатерлер мен қауiптi ескере отырып, болашақ әлем құрылымындағы iргелi өзгерiстерге жан-жақты әзiр болуға шақырды. Сондықтан бiз осы жағдайларға толық дайындықпен бет бұруымыз қажет», — деп көрсеттi Сенат Төрағасы. Осы орайда Қ.Тоқаев Жолдаудағы Мемлекет басшысы белгiлеген негiзгi мiндеттердiң орындалуын заңнамалық жағынан қамтамасыз ету бойынша кешендi iс-шаралар қабылдауға қатысты Сенат алдына мiндеттер қойды. Парламент Жоғары палатасының Төрағасы Елбасы бiрiншi кезекте қабылдауды белгiлеген заңдарға әрiпестерiнiң назарын аударды. Ең алдымен қабылдануы тиiс заңдардың қатарында венчурлiк қаржыландыру, бизнестi реттеуге қатысуды азайту, табиғи монополиялар, жоғары оқу орындарының академиялық еркiндiгi мәселелерiн заңнамалық жағынан реттеу мiндеттерi бар. Сенат Төрағасы Елбасының банктерден оффшорлық компанияларға қаржы шығарғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту, жеке тұлғалардың банкроттығы және электрондық еңбек биржасы туралы жаңа заңдар қабылдау туралы тапсырмасын еске салды. «Тағы бiр басты мiндет — «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» кодекстiң жаңа мәтiнiн, қабылдау және Экологиялық кодекске уақыт талабына сәйкес өзгерту мәселелерiн қарау қажет»,- дедi Қ.Тоқаев. Төраға ел дамуының жаңа кезеңiне қажеттi заңдарды сапалы әрi дер кезiнде қабылдауға Парламент Сенатының әлеуетi жеткiлiктi екенiне сенiм бiлдiрдi. Бюро отырысында Президент Жолдауын iске асыру жөнiндегi Сенаттың iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Жоспардың күн тәртiбiне Сенаттың тұрақты комитеттерiнiң аймақтарда көшпелi отырыстырын «Кәсiптiк бiлiм беру сапасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудiң өзектi мәселелерi»,«Соттар мен құқық қорғау органдарын цифрландыруды құқықтық қамтамасыз ету», «Астана айналасындағы азық-түлiк белдеуi: жай-күйi және перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер және басқа да отырыстар өткiзу енгiзiлдi. Бұдан бөлек, жол жүрiсi қауiпсiздiгi, көлiк-логистика инфрақұрылымының тиiмдiлiгiн арттыру жәнетемiржол машина жасауды одан әрi дамыту, латын әлiпбиiне көшу және қазақ тiлiндегi терминология саласындағы заңнаманы жетiлдiру, «Қазақстан киберқалқаны» киберқауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асыру, жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру мәселелерi бойынша мүдделi мемлекеттiк органдар басшылығымен кездесу қарастырылған. Сенаттың тұрақты комитеттерiне олардың қызметi Президент Жолдауында қойылған мiндеттердi нақты iске асыруға тiкелей байланысты болуы қажеттiгi тапсырылды. Бюро Сенат депутаттарының өңiрлерге сапарларының қорытындылары жөнiнде тұрақты комитеттер төрағаларының ақпаратын тыңдады. Қ.Тоқаев өз сөзiн түйiндей келе, Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа жеткiзу бойынша аймақтарда жүргiзiлген жұмысты одан әрi жалғастыруды тапсырды. Төраға кездесулерде айтылған сындарлы ұсыныстарды, өңiрлердегi көтерiлген мәселелердi еңсеру жолдарын заң шығару жұмысында ескерудi ұсынды. «Депутаттар заңнамада айқындалған құзыреттерiн барынша пайдаланып, көтерiлген мәселелердiң оңтайлы шешiм табуына жан-жақты ықпал етулерi тиiс» ,- деп қорытындылады Қ.Тоқаев. Отырыс барысында Конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары комитетiне Жоғарғы Сот судьяларын қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуына қатысты қорытынды даярлау тапсырылды. Бюро мүшелерi сондай-ақ, 25 қаңтарда өтетiн кезектi Сенаттың отырысының күн тәртiбiн келiстi. Сенаторлар Жоғарғы Сот судьяларын қызметтен босату туралы; Қазақстан мен Әзербайжан үкiметтерi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы; Қазақстан мен Үндiстан арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы үкiметаралық хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары қарайтын болады.

 

Дата публикации: 17.01.2018
Количество просмотров: 1754
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;