«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин қоғамдық қабылдауда азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді

Облыс тұрғындары «Нұр Отан» партиясының АОФ өтiнiштерiнде денсаулық сақтау, жол мен мектептiң жөнделуi мәселелерiнжиi көтередi. Мұндай сипаттағы мәселелер осы жолы да болды, бiрақ бүгiнгi қабылдаудың Мәлiк Мырзалинге алғашқы сұрағы тұрғын үй мәселесiне қатысты болды.

Дмитрий Романенко жылжымайтын мүлiкке құқықтарын қайтару мәселесiн айтып келдi. Туғанынан анасынан жетiм қалған Дмитрий 8 жыл әжесiмен бiрге Степняк қ. тұрған. Әжесi қайтыс болған соң пәтер оған мұраға қалған. Бiрақ Дмитрий балалар үйiнде болған кезде үйдiң бұзылып тасталғандығын анықтайды.

Бұл мәселеге байланысты Бiржан сал ауданы әкiмiнiң орынбасары Ерсайын Сабыров түсiнiктеме берiп, Степняк қаласында 4 қабатты тұрғын үй күрделi жөндеуден өтiп жатқандығын айтып, бұзылған үйдiң орнына пәтер берiлетiндiгiн жеткiздi. Жас маманды жұмысқа орналастыру мәселесi шешiлетiнiн айтты.

Зерендi ауданының Еленовка орта мектебiн күрделi жөндеуден өткiзу мәселесiмен зейнеткер, еңбек ардагерi Райхан Тәжiбаева келдi.

Еленовка орта мектебi 1964 жылы салынып, 242 балаға шақталған. Алайда бүгiнгi таңда мектеп шамадан тыс жүктелген.Зерендi ауданының бiлiм бөлiмi Ақмола облысынң бiлiм басқармасына өтiнiм жолдаған. Олар өз кезегiнде экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасына күрделi жөндеуге бюджеттен қаржы бөлу туралы өтiнiш хат жолдаған. Мәлiк Мырзалин 2019-2020 жылдарға арналған бюджеттi нақтылау кезiнде мәселенi қарастыруды тапсырды.

Зерендiлiк Зәуре Меңдiбаева мүгедек баласын емдетуге қаржылай көмек көрсетудi сұрап келдi. Санкт-Петербург қаласында қойылған имплатты алу үшiн қомақты қаражат қажеттiгiн айтты. Өңiр басшысы облыстың денсаулық сақтау басқармасы мен Зерендi ауданының әкiмiне мүмкiндiгiнше көмек көрсетудi тапсырды.

Келесi екi сұрақ өңiр басшысына скайп байланысы арқылы қойылды. Бозайғыр орта мектебi директорының орынбасары Рысбике Сауытова Бозайғыр орта мектебiн күрделi жөндеуге қаржы бөлу мәселесiн көтердi.Шортанды ауданының тұрғыны Ғалиябану Мұқанова «Жолымбет-Шортанды» жолының сапасына алаңдайтынын жеткiздi.

Қоғамдық қабылдауға келген өтiнiш иелерiн тыңдап,Мәлiк Мырзалин олардың әрқайсысына шешiмнiң қолданыстағы заңнама шеңберiнде қабылданатыны түсiндiрдi.

   

Құрылған күні: 12.09.2018
Қаралым саны: 319

Қаз Рус Eng