Көкшетау қаласында мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгiн, Отан қорғаушылар күнiне орай Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өттi. Есiл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандарының және Көкшетау қаласының диқаншылары нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен 60 тоннадан астам экологиялық тұрғыдан таза өнiм ұсынды.

Жәрмеңкеде облыс әкiмi Ермек Маржықпаев болды, ол тұрғындарды мерекемен құттықтап, пiкiр алмасты. Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң бағасымен танысып, өңiр басшысы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiнiң тамақ өнiмдерiне бағаны тұрақтандырудағы маңыздылығын атап өттi.

Сол күнi, ет және шұжық өнiмдерiн, сүт өнiмдерiн, балық, ұн, көкөнiс пен басқа да көптеген өнiм түрлерiн сатып алуға болды. 30 аталымнан астам өнiмнiң молшылығы жәрмеңкеге келгендердi қуантты. Сондай-ақ, шетен жидегiнiң, мойылдың, таңқурайдың, бөрiқарақатының, қарақаттың көшеттерiн сатып алды.

Аудандардың әртiстерiмен және шығармашылық ұжымдарымен ұйымдастырылған коцерттiк бағдарлама да, жақсы көңiл-күй сыйлады.

   

Құрылған күні: 07.05.2019
Қаралым саны: 178
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус