Өңдеу өнеркәсібінің инвестициялары шамамен екі есеге ұлғайды — Kazakh Invest

Бүгiн Астанада «Жас Отан» IV съезiнде «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев өңдеу саласына инвестициялар тарту қарқыны туралы айтып бердi.

«Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың шамамен 70% тау-кен өндiрiсi саласына бағытталған. Индустрияландыру процесiнiң арқасында 2006 жылдан бастап өңдеу өнеркәсiбiне салынған инвестициялардың үлесi екi есеге ұлғайтылды. Сандармен айтар болсақ, бұған дейiн бұл көрсеткiш 7% болды, бүгiнде шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемiнiң шамамен 15% өңдеу секторына жiберiледi. Яғни нәтиже бар», — дедi Рустам Исатаев «Қазақстанда жасалған» секциялық отырысында сөйлеген сөзiнде.

Егер 2005 — 2010 жылдар аралығында шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi шамамен $6 млрд құраса, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың жетi жылының қорытындысы бойынша 2010 жылдан 2016 жылға дейiн $25 млрд-қа жуық инвестиция тартылған.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының, ең алдымен, әрбiр инвесторға өңдеу секторларында, АТ-да, туризм саласында және т.б. iс жүзiнде көмектесе алатын жоғары мәртебесi бар. Яғни әрбiр жобаны соңына дейiн жеткiзiп, инвесторлардың барлық деңгейдегi мәселелерi шешiлуi тиiс», — дедi спикер.

Рустам Исатаев Kazakh Invest инвесторлар мәселесiн жылдамырақ шешiп отырғанын айтып өттi.

«Әр апта сайын дерлiк Kazakh Invest Директорлар кеңесiнiң төрағасы — Премьер-Министрдiң деңгейiнде iрi жобалар тыңдалып, жер телiмiн беру, виза беру секiлдi барлық мәселелер шешiлуде. Яғни, осы жылдар iшiнде бiз екi есеге iлгерiлеу нәтижелерiн көрдiк, дегенмен бұл қарқынды одан әрi арттыруды көздеймiз», — деп қорытындылады Рустам Исатаев.

Сілтеме

Құрылған күні: 28.03.2018
Қаралым саны: 1121

Қаз Рус Eng