Ақмола облысы әкімінің келе жатқан жаңа 2019 жылмен құттықтауы

Қадiрлi ақмолалықтар!

Келе жатқан жаңа — 2019 жылмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Жаңа жыл қашанда игi бастамалар мен жағымды жаңалықтардың рәмiзi болып саналатын айтулы мереке және солай болып қала бередi. Өткен жыл ақмолалықтар үшiн есте қаларлық жетiстiктер мен айтулы оқиғаларға бай жыл болды және ол жетiстiктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойып отырған маңызды да ауқымды мiндеттердi жүзеге асыруға игi ықпалын тигiзерi анық.

Биылғы жылы облыс диқандары елiмiз бойынша ең мол көлемде астық жинады. Облысымыздың аумағында Орта Азиядағы ең iрi құс фабрикасы iске қосылды. Көптеген жаңа кәсiпорындар жұмысын бастап, бала бақшалар, мектептер, спорт құрылғылары, басқа да әлеуметтiк маңызы бар нысандар салынды. Жыл өткен сайын қарқын алып келе жатқан тұрғын үй құрылысымен бiрге, жаңа жолдар салынды, ауылдар мен қалалар абаттандырылып, инфрақұрылымдар жаңғыртылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды көптеген жобалар жүзеге асырылды. Солардың iшiнде ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық музейi, қайта жаңғыртылған Уәлихан мазары, атақты ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң 11 томдық жинағы бар.

Қол жеткен осы жетiстiктердiң бәрi қоғамымыздағы бiрлiк пен тыныштықтың, ортақ мақсат жолындағы белсендi еңбектiң арқасында болып отырғаны белгiлi. Жаңа жылда ойға алған барлық мақсаттар орындалып, игiлiктерге жете берейiк! Баршаңызға зор табыс, мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бiрлiк тiлеймiн, туған өлкемiз өркендеп, гүлдене берсiн!

Ізгі ниетпен, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин

Құрылған күні: 29.12.2018
Қаралым саны: 363
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng